Жарияланған күні: 17.01.2019 16:12
Өзгертілген күні: 17.01.2019 16:29

2018 жылдың 23 желтоқсанынан «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы

№ 206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 1029 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) күшіне енеді.

Аталған Бұйрық 2019 жыл ішінде тоқсан сайын салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі – онлайн-БКМ)  қолданатын  қызмет түрлерін ұлғайтуды қарастырады.

2019 жыл ішінде тоқсан сайын онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі:

2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі (қызмет түрлерін сілтеме бойынша қарауға болады);

2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі (қызмет түрлерін сілтеме бойынша қарауға болады);

2019 жылдың 1 қазанынан 224 қызмет түрі өтеді (қызмет түрлерін сілтеме бойынша қарауға болады).

Осылайша, ҚР ҚМ МКК-мен 2019 жыл ішінде толық онлайн-БКМ қолдануға көшіру жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында https://kgd.gov.kz/kk/content/bakylau-kassa-mashinalaryn-koldanu-1 сілтемесі бойынша орналастырылған.