Жарияланған күні: 23.05.2017 17:30
Өзгертілген күні: 23.05.2017 17:30

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ҚР Кодексіне 2016 жылдың 30 қарашадағы № 26-VІ ҚР Заңымен түзетулер енгізілді, аталған түзетулерге сәйкес 2017 жылғы 1 шілдеден бастап салықтық/кедендік тексерулер нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау уәкілетті орган – Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігімен жүзеге асырылады.

 Бұл ретте,   көрсетілген түзетулермен шағымдарды қарау үшін Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігінде  Апелляциялық комиссия құру көзделген.

Аталған тәртіп 2017 жылғы 1 шілдеден бастап салық төлеушімен (салық агентімен), және де сыртқы экономикалық қызмет қатысушысымен ұсынылған шағымдарға қатысты қолданатынын айта кету қажет.

Осыған орай, салық төлеушілерге (салық агенттеріне), және де сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына 2017 жылғы 1 шілдеден бастап салықтық/кедендік тексерулер нәтижелері туралы хабарламаға шағымдар уәкілетті органға ұсынылатынын назарға алу қажет.

Бұл ретте, шағымды беру мерзімі сақталған, салық төлеушiге (салық агентіне) хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға берiледi.

      

 

                                                            СҚО мемлекеттік кірістер департаменті