Жарияланған күні: 24.11.2022 11:51
Өзгертілген күні: 24.11.2022 11:53
 
Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары тапсыруға тиіс.
 
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің 10 000 еселенген мөлшерінен аспайтын қолма-қол ақша көрсетілуі тиіс.  
 
Бұл ретте, заңнамада 10 000 АЕК-тен астам қолма-қол ақшаны сақтауға тыйым салынбаған.
 
Осыған байланысты жеке тұлғалар ақшаны қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда сақтау мәселелерін, сондай-ақ олардың сомасын өздері шешуге құқылы.
 
@kgdmfrk