Date of publication: 12.05.2016 16:00
Date of changing: 12.05.2016 16:01

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің 2016 жылғы №КГД-07-1/11282-И   хатына сәйкес осы уақытта «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің бұйрығының жобасы бекітілу сатысында  екендігін хабарлаймыз.

 Осыған орай,  2016 жылғы 1 тоқсан үшін 200.00 салық есептілігін (бұдан әрі- 200.00  нысан) ұсыну туралы «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығымен бекітілген нысанымен (2015 жылғы версиясы)  ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін пайдаланатын шаруа мен фермер қожалықтарының назарына  жеткіземіз.  

200.00  нысанды толтыру кезінде аталған салық төлеушілер «ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауылдық тұтыну кооперативтері үшін АСР» 6В жолында белгі коюы және 200.00.006 жолды толтырулары қажеттігіне, назар аударамыз. Сонымен қатар     пішінді-логикалық бақылаудың қорытындылары мен Қателер хаттамасындағы  хабарламаларды есепке алмағанда осы нысан серверге  жіберіледі.