Date of publication: 10.03.2016 18:31
Date of changing: 10.03.2016 18:31

 Қазақстан Респбликасы Салық кодексінің 63 бабымен 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №586 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен (бұдан әрі- бұйрық) бекітілген,  пішімді -логикалық бақылау талаптарына сәйкес салық құрылады.    

Салық кодексінің 584 бабы 5 тармағымен  салық тізімдемесін қоспағанда, бұзушылықтар тізімдемесі анықталған, ол бойынша салық нысандары, салық органына тапсырылмаған деп саналады. Бұзуышлықтардың бірі салық есептілігі нысанының электронды формат құрылымында  пішімді- логикалық бақылау (бұдан әрі-ПЛБ)  талаптарының  бұзушылығы болып табылады (Салық кодексінің 584б. 7т.5тт.).  

  Салық есептілігін толтырғанда салық төлеушілерге көмек көрсету үшін арналған,   пішімді- логикалық бақылау  ПЛБ камералдық бақылау жүргізу мақсатын көздемейді және салық есептілігі нысандарын құру ережесіне келісілген құрылады.    

Салық кодексінің 584 бабы 4-1 тармағына  сәйкес  Салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесімен салық есептілігін қабылдау және өңдеу кезінде оның толық және дұрыс толтырылуын тексеруден тұратын пішімді-логикалық бақылау жүргізіледі.
 Орталық байланыспен салық есептілігін қабылдау және өңдеуді растау жүйенің салық есептілігін қабылдағаны  немесе қабылдамағы туралы электронды түрде қалыптастырылған хабарлама   болып табылады.

Жүйе ( «Таратылды») салық төлеушінің дербес шотына таратуға жататын, салық есептілігі бойынша өңдеу статусы және («Қабылданды») қабылдау статусы, электронды түрде ұсынылған, салық есептілігін береді, сонымен қатар  салық есептілігін қабылдағаны  немесе қабылдамағы туралы хабарламаны қылыптастырады.

 Сондықтан  хабарламадағы салық есептілігінің көрсетілген статустарында, салық есептілігі   пішімді-логикалық бақылау талаптарының тексерісінен өтті және Салық кодексінің 584 бабы 5 тармағы 7) тармақшасының нормасына жатпайды деп саналады.