Date of publication: 17.07.2019 18:04
Date of changing: 17.07.2019 18:08

Мемлекеттік кіріс органдары күн сайынғы негізде «Бересі сомасы төленген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығару ережесіне» (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 21.01.2019ж. № 39 бұйрығымен бекітілген) сәйкес өсімпұлды есептен шығару рәсімі үшін салықтар бойынша негізгі борышқа ақы төлеуді жүзеге асырған салық төлеушілердің мониторингін жүргізеді.

Алдын ала деректер бойынша негізгі борыш сомасы 3 042,8 млн.теңге болатын 1 849 салық төлеуші пен 1 649,2 млн. теңге сомасына өсім есептен шығаруға жатады.

Мәселен, 01.07.2019 жылғы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлығы 733 салық төлеуші бойынша жалпы сомасы 105,1 млн.теңгеге өсім есептен шығарылды.

Есептен шығаруға мына сомалар жататынын еске сала кетейік:

1) бересі төленген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің түрі бойынша төлеу күнін қоса алғанда, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап оны төлеу күніне дейінгі кезең үшін 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есептелетін бересі сомасына есептелген өсімпұл;

2) Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің түрі бойынша салық төлеушінің дербес шотында есептелген салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұл сомасы;

3) Салық төлеуші салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін толық көлемде мерзімінен бұрын орындаған жағдайда, 01.10.2018 жылғы жағдай бойынша төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгертілген өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасы есептен шығаруға жатады.

 

Бұл ретте, шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік кірістер органдарына жүгінудің қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару салық төлеу бойынша кейінге қалдыру/бөліп төлеу алған немесе оңалту рәсімінде тұрған салық төлеушілерді қоспағанда, салық төлеушінің өтінішінсіз жүргізілетін болады.

 

 

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті