Date of publication: 18.06.2019 11:18
Date of changing: 18.06.2019 11:33

Мемлекет басшысының 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: кірістердің жоғарылауы және өмірінің сапасы» 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару жолымен шағын және орта бизнес субьектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізу тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 21.01.2019 ж. № 39 бұйрығымен сомаларды есептен шығаруды көздейтін 08.02.2019ж. бастап күшіне енген «Бересі сомасын төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығару ережесі» бекітілді:

1) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есепке алынған, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есепке алынған бересі сомасына есептелген өсімпұлдарды, ол бойынша бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сол түрі бойынша төлеу күнін қоса алғанда, 2018 жылғы 1 қазаннан оны төлеу күніне дейінгі кезең үшін есептелген өсімпұлдарды;

2) бересі төленген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сол түрі бойынша салық төлеушінің дербес шотында 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша есептелген 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұл сомасы;

3) салық төлеуші салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін толық көлемде мерзімінен бұрын орындаған жағдайда, төлеу мерзімі 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгертілген өсімпұлдар мен айыппұлдарды қоспағанда, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызады.

Бұл ретте, шағын және орта бизнес субьектілеріне мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну қажет емес: салық төлеу бойынша мерзімді кейінге қалдыру/бөліп төлеу немесе оңалту рәсімінде тұрған салық төлеушілерді есепке алмағанда, өсімпұл мен айыппұлды есептен шығару салық төлеушінің өтінішінсіз жүргізіледі.

Мемлекеттік кірістер органдары күн сайынғы негізде «Бересі сомасын төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығару ережесіне» сәйкес, өсімпұлды одан әрі есептен шығару рәсімі үшін негізгі соманы төлеуді жүзеге асырған салық төлеушілерге мониторинг жүргізеді.

Алдын ала мәлімет бойынша өсімпұлды есептен шығаруға негізгі берешек 3 042,8 млн. теңге сомасымен 1 849 салық төлеуші және 1 649,2 млн.теңге сомасына өсімпұл жатты.

Мәселен, 01.06.2019 жылғы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлығы 723 салық төлеуші бойынша жалпы 103,8 млн.теңге сомасына өсімпұл есептен шығарылды.

 

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті