Date of publication: 14.06.2019 18:53
Date of changing: 14.06.2019 18:55

Салық кодексінің 433-бабына сәйкес ҚҚС төлеушісімен қосылған құн салығының бақылау шотын пайдалануы кезінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың ерекшеліктері бекітілген.

«Осы Кодекстің мақсаттары үшін бақылау шоты екінші деңгейдегі банктерде және банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қосылған құн салығын есепке алу үшін ашылған, қосылған құн салығы сомаларын есептеу кезінде пайдаланылатын ағымдағы шот болып табылады, оның ішінде:

импортқа және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоса алғанда, бюджетке қосылған құн салығын төлеу;

тауарларды берушілерге қосылған құн салығын төлеу;

тауарларды сатып алушылардың (алушылардың) қосылған құн салығын төлеу;

қосылған құн салығын төлеушінің өзге банктік шотынан ақшаны есепке жатқызу үшін».

Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қосылған құн салығы сомасын есептеу бақылау шоттарын пайдаланумен пайда болған тауарларды өткізу кезінде сатып алған (алған) тауарлар бойынша қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасы бөлігінде жүргізіледі.

Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару салықтық кезеңдегі қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талаптың негізінде салық тексерісін жүргізусіз он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.