Date of publication: 02.05.2019 12:12
Date of changing: 02.05.2019 14:38

        Сәуір айындағы бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша заңмен «Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №121-VI ҚРЗ Заңының 23-бабына өзгерістер енгізілді.

Онлайн бақылау-касса машинасын жаппай қолдану мерзімі 2024 жылдан 2020 жылға ауыстырылды.

     БКМ қолдану жөніндегі талап 2019 жылы патент бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың, адвокаттар мен медиаторлардың, жеке кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) ақшалай есептеріне қолданылмайды (Салық кодексінің 166-бабы).

       Бірақ 2019 жылы патент негізінде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар онлайн-БКМ сатып алуға және салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасын азайтуға құқылы. ЖТС бір онлайн-БКМ құнына не үш компонентті интеграцияланған жүйесін (онлайн-БКМ, POS-терминал, ERP жүйесі) сатып алу сомасына 60 000 теңге көлемінде азаяды, бірақ есептелген салық сомасының 50 процентінен артық емес.

         Салық төлеушілердің осы санатын осы мүмкіндікті пайдаланып қалуына шақырамыз!

       ЖТС сомасын БКМ немесе үш компонентті интеграцияланған жүйені тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі үшін патент құнының соңғы есебінде бір сәтке азайтуға болады.

 

         СҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасы