Date of publication: 02.05.2019 12:11
Date of changing: 02.05.2019 14:53

Құрметті салық төлеуші (салық агенті)!

            2019 жылы салық есептілігін табыс ету бойынша

01.01.2019ж. бастап салық заңнамасының өзгеруіне байланысты, ҚР Қаржы министрінің 12.02.2018 жылғы № 166 бұйрығымен бекітілген ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 1095 бұйрығымен 150, 200, 300, 510 нысандары бойынша салық есептілігіне және оларды жасау ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін назарыңызға мәлімет үшін жеткіземіз.

Назар аударамыз! «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықты жұмыспен қамту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-IV Қазақстан Республикасы Заңымен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V енгізілген өзгерістерге байланысты салық агенттері бойынша жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық келісімшарттар (бұдан әрі – АҚ) бойынша 2019 жылдан бастап міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша міндеттемені енгізу туралы, 200.00.002 қатарына «Қызметкерлер үшін аударылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасы» Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00 нысан) сондай-ақ АҚ келісімшарттар бойынша жеке тұлғаларды міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсету қажет.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу  туралы» 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңымен Салық кодексіне 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін өзгерістер енгізілді. Осы Заңның шеңберінде қазіргі уақытта ҚР Қаржы министрімен 12.02.2018ж. №166 бұйрығымен бекітілген, 300, 700, 710 нысандары бойынша салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар қосымша енгізілуде. Осыған байланысты, салық міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында салық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау алдында, салық есептілігін табыс ету кезінде Салық төлеушінің кабинетінде, «СТ СЕӨЖ» АЖ және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) веб-порталында қол жетімді 2019 жылға нысандары әрекет етеді. Аталған салық есептілігін жаңа нұсқада қайта ұсыну талап етілмейді.

Аталған салық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау туралы «Салық төлеушінің кабинеті», «СТ СЕӨЖ» АЖ-да жүйелік жаңалықтар арнасында, сондай-ақ уәкілетті органдардың (kgd.gov.kz) интернет-порталында хабардар боласыздар.

Назар аударамыз! Жаңа нұсқасындағы 710.00 нысанын жариялау алдында 2019 жылғы 1 тоқсанға ҚҚС есептеу мақсаттары үшін ҚҚС төлеушілермен казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету бойынша ҚҚС бойынша декларация (300.00 нысан) табыс етіледі.

                                            

           СҚО бойынша МКД