Date of publication: 04.02.2019 11:39
Date of changing: 04.02.2019 11:44

2019 жылғы 29 қаңтарда Әдеп кодексі бұзылуының алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма қызметкерлерімен Әдеп жөніндегі уәкіл Қ.С. Шакенова мемлекеттік қызметшілер үшін «Мемлекеттік қызметшінің әдеп және мінез-құлық нормалары» (pocketbook) нұсқаулығына енгізілген өзгерістерді зерделеу бойынша семинар-кеңес өткізді.

Pocketbook - бұл этикалық сипаттағы бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметшінің жұмыс және жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлқының негізгі ережелері қарастырылған ахуалдық мысалдар негізінде мемлекеттік қызметшілерге арналған қысқаша нұсқаулық.

Семинар барысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтармен әдепке сай емес мінез-құлық бойынша жағдайлық мысалдар, мүдделер қақтығысы бойынша көптеген мысалдар, жұмыстан тыс уақытта әдепке сай емес мінез-құлық үлгілері қаралды. Департамент қызметкерлері қызметтік және қызметтен тыс қарым-қатынаста қоғам тарапынан, соның ішінде әлеуметтік медианы пайдалану кезінде және көпшілік алдында сөз сөйлеу кезінде сынауға және айыптауға себеп болатын лауазымды тұлғалардың мінез-құлық нормаларына қатысты мысалдарды талқылады. Ол қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар алу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге, оларды орындамау қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатынына егжей-тегжейлі тоқтады.

Іс-тәжірибеде жағдайлық мысалдарды егжей-тегжейлі талдауға негізделген Әдеп кодексі нормаларын сақтауды түсіндіру бойынша осындай іс-шараларды өткізу - бұл мемлекеттік қызметшілер арасындағы Әдеп кодексі нормаларын бұзудың алдын алу мен ескертудің басты бағыттарының бірі.