Date of publication: 26.12.2018 15:40
Date of changing: 26.12.2018 15:43

Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер септеу тәртібі Салық кодексінің 305 бабымен  реттеледі.

Осылайша, салық кодексінің 305-бабы 5-тармағының 3-тармақшасына сәйкес,2017 жылға корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiн төлемге жататын  2018 жылға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы, 2017 жылға есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үш бөлігі мөлшерінде есептеледі.

Салық кодексінің 305-бабы 6-тармағының 2-тармақшасына сәйкес декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің есебі, салық есепті кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірілмей табыс етіледі.

2017 жылға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейiн төлемге жататын  аванстық төлемдер сомасы 2018 жылдың екінші, үшінші, төртінші тоқсандарының әрбір айы үшін тең үлестермен, салық кодексінің 306-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде, әрбір айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленеді.

Салық кодексінің 305-бабы 7-тармағына сәйкес салық төлеушілер есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірмей декларациядан кейін аванстық төлемдердің қосымша есеп-қисабын табыс етуге құқылы.

2018 жылы корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер:

101 105 « Мұнай секторы ұйымдарының заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы»;

101 110 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы»толенеді.

 

 

                                                            СҚО бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы