Date of publication: 13.12.2018 18:03
Date of changing: 14.12.2018 15:39

     2018 жылғы 12 желтоқсанда сағат 15:00-де Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ғимаратында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Ж. Ташмағамбетовтің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық құрылымдық бөлімшелер (Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті және  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті) басшыларымен кездесуі өтті.

     Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл басшылардың бағыныштыларымен Әдеп кодексі нормаларын сақтауын, қайта өңдеуге жол бермеуге және осындай фактілер анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік туралы, салық төлеушілер мен басқа да мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз іс-әрекеттер кезінде қызметкерлердің мүдделерін қорғау жөнінде ерекше атап өтті, басшылардың сұрақтарына толық жауап берді.

     Одан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілетті құрылымдық бөлімшелерімен мәжіліс өткізілді, ол белсенді диалог форматында өтті.