Date of publication: 15.09.2015 11:35
Date of changing: 15.09.2015 12:01

 

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және  СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер  басқармасымен  тамыз  айының «Чекті суретке түсір-тосын сый ұтып ал!»акциясының купондар ұтысы  өткізілді.  

  Акцияға қатысушы (7-707-...-...-.. ) нөмірінен бақылау-кассалық машинаның чегін жіберген,  Петропавл қ. тұрғыны  Полина Талапқызы Балгарина  ноутбук  «ACER EXTENSA» құнды сыйдың иесі атанды, сондай-ақ СҚО бойынша МКД Құрмет грамотасымен мараптталды.   

1  тамыздан бастап 31 тамыз бойынша смартфон арқылы  410 чек жолданған.Салық кодексінің 649 бабы 3 тармағының талаптарына сәйкес акциядағы ұтысқа  364 чек қабылданды.  

Акцияға қатысуға 46 чек қабылданбады:  45 чек бойынша сурет түзу көрсетілмеген (бейнесі көрінбейді) және  белгіленбеген үлгіде 1 чек.    

Акцияны өткізу кезеңі  2015 жылдың 1 мамырынан бастап 30 қараша бойынша, Петропавл қаласының аумағында берілген, бақылау-кассалық машиналардың чектері қатысады, купондар ұтысы ай сайын өткізіледі.

Акцияға қатысу үшін    www.kkm.integro.kz   сайт не   play market  арқылы   арқылы мобильді   қосымшаны түсіру қажет.

           Осы қосымша қатысушыларға смартфонның көмегімен чекті суретке түсіріп алуға  және Мемлекеттік кірістер департаментіне жолдауға мүмкіндік береді.