Date of publication: 04.08.2015 18:18
Date of changing: 10.08.2015 15:04

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылғы 31.07. 2015 жылғы 1-жарты жылдықтың жұмыстар қорытындысы және 2-жарты жылдыққа арналған тапсырмалары бойынша кеңейтілген кеңесі өтті.

    Кеңесті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Данияр Еренғалиұлы Жанәлінов ашты.

    2015 жылғы 1- жарты жылдықта республикалық және жергілікті бюджет кірістері бойынша жоспарды орындау бойынша Департаменттің Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Қ.Е. Мейрамов есеп берді. Басқарма басшысы өз баяндамасында 28 876 млн. теңге  жоспарыд бекіту кезінде  облыс бойынша  толық болжамды орындау  жөніндегі жұмыстардың нәтижесі айтылды, мемлекеттік бюджетке 26 965 млн. теңгеге қамтамасыз етілді, яғни болжам  93,4% орындалды.

      Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстыру бойынша1 929 млн.теңге немесе 107,3 % көбейді, бюджетке түсетін түсімнің өсімі қамтамасыз етілді.

     Сонымен қатар, 2015 жылғы 1 жарты жылдық салықтық әкімшіліктік және камералды бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша ақпарат тыңдалды.   

     Кеңес барысында 2015 жылғы 2 жарты жылдықта атқарылған жұмыстар және міндеттер туралы аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының есебі тыңдалды.

     Департаменттің басшысы 2015 жылғы 3 тоқсанның және 2015 жылы толығымен сәтті аяқталуы үшін  кеңейтілген кеңес шешімінің қортындысын шығарды:

- барлық деңгей және бюджет көздері бойыншаболжамды сапалы орындау және түсім өсімінің оң қарқынын қамтамасыз ету;

-  қосымша резервтерді іздеу бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізу;

- бюджет алдындағы берешекті төмендету, атап айтқанда жергілікті салық бойынша жеке тұлғалардың берешегін төмендету  жөніндегі жұмыстарды жандандыру;

-  Департамент қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін (мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеб ережесін) сақтау, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес және алдын алу шараларын  жүргізуге ерекше назар бөлінді.