Date of publication: 19.02.2018 15:46
Date of changing: 19.02.2018 15:47

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті алкоголді өнімдерді сатушылардың назарына келесіні жеткізеді.

         2018 жылдың 1 қаңтарынан алкоголді өнімдерді сақтау және сатуға лицензия алған және де лицензиясы бар салық төлеушілер осы лицензияны падаланғаны үшін ақы төлеушілер болады.

         Төлеу ставкалары  келесі мөлшерде Қазақстан Республикасы Салық  Кодексінің 557 бабымен анықталған:

  • 200 АЕК (2018 жылы  481000 теңге) – алкоголді өнімдерді сақтау және көтермелеп сату, оны өндіретін аумақта сақтау және көтермелеп сату қызметінен өзгесі, әрбір қызмет нысаны үшін;
  • Бөлшек сауда үшін (әкімшілік-аумақтық бірлік бөліктерінде) әрбір қызмет нысаны үшін:

. 100 АЕК (2018 жылы  240500 теңге) – астанада, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында;

. 60 АЕК (2018 жылы  144300 теңге) – басқа қалалар мен  поселкелерде;

. 20 АЕК (2018 жылы  48100 теңге) – ауылдық елді мекендерде.

         Жеке қызмет түрлерін атқару лицензияларын  пайдалануға ақы төлеушілер, Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 558 бабына сәйкес, жыл сайын тұратын жерінде төлем ақысын бірдей бөлікте төлейді ағымдағы жылдың  25 наурызы, 25 маусымы, 25 қыркүйегі және 25 желтоқсаннан кешіктірмей.

         Егерде, лицензия пайдалану мерзімі есептік салық мерзімінде бір жылдан кем болса, төлеу ақысы  жылға есептелген төлем ақысын он екіге бөліп  және жыл ішінде лицензия пайдаланылған сәйкес айлар санына (толық немесе толық емес) көбейту арқылы есептелінеді.

         Сонымен бірге, лицензияны алғанда, ақыны төлеу міндеті пайда болады, лицензияны алған жылдан кейінгі календарлық жылдан бастап.