Date of publication: 11.06.2015 14:49
Date of changing: 11.06.2015 14:52

 

 

                          Құрметті азаматтар!

 

Қызметті, жұмысты, тауарларды сатып алғанда чекті талап ет!    Өзіңіздің тұтыну құқықтарыңызды қорғаңыз. Сіз салық төледіңіз бе !? Салық төленбей қалмасын!  

 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сенім телефоны:   8(7152) 46-33-29 

- азаматтық белсенділікті арттыру және халықтың салықтық сауаттылығын дамыту; 

- қызметті, жұмысты, тауарларды тұтынушы ретінде өз мүдделеріңді қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу; 

- бақылау-кассалық машиналарды қолдану бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы салық төлеушілер мен қоғамды ақпараттандыру; 

-кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру

                                  мақсатында

2015 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 қарашасы бойынша облыстың барлық аудандарында  «Чекті талап ет-сыйлық ұтып ал» акциясы өтуде.  

Сондай-ақ Петропавл қ. аумағында 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 қарашасы бойынша  «Чекті суретке түсір- тосынсый ұтып ал» акциясы өтуде. 

           Акцияға қатысу үшін    www.kkm.integro.kz   сайт не   play market  арқылы   арқылы мобильді   қосымшаны түсіру қажет. Осы қосымша қатысушыларға смартфонның көмегімен  чекті суретке түсіріп алуға және 

«Чекті талап ет-сыйлық ұтып ал» акциясының шарттары бойынша толық ақпарат алу үшін қатысушылар   8(7152)461430 телефоны,  «Чекті суретке түсір- тосынсый ұтып ал» акциясы  бойынша сәйкесті аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына  жүгінулері мүмкін.  

         «Чекті суретке түсір- тосынсый ұтып ал» акциясына Петропавл қ. аумағында берілген, кассалық чектар қатысатындығына, Сіздің назарыңызды аударамыз. Басқа аймақтарда берілген, БКМ  чектары,сондай-ақ   компьютерлік жүйелермен, бағдарламалық құралдармен(супермаркеттер, өзі қызмет жасайтын аппараттар) берілген чектар  қабылданбайды.  

Акцияға қатысуға құқығы жоқ: 

- олардың атттарына тіркелген, бақылау-кассалық машиналардың чектары бойынша заңды және жеке тұлғалар.  

-  СҚО бойынша департаменттің және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері.  

    

Ай сайын  акцияға қатысыңыздар  және өз ұтыстарыңызды ұтып алыңыздар !!!