Date of publication: 19.09.2017 18:16
Date of changing: 19.09.2017 18:18

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік бақылау басқармасы 2017 жылғы 19 тамыздан 19 қыркүйекке дейінгі кезеңде «Пангея» жыл сайынғы операциялар аясында Интернет арқылы дәрі-дәрмектерді заңсыз сатумен күрес бойынша бірлескен халықаралық іс-шаралар жүргізілгенін хабарлайды. 

«Пангея» операциясы интернет-сауда арналарын пайдалану жолдарымен, сол сияқты халықаралық пошта жөнелтілімдері және экспресс-жүк түрінде жеткізілім кезінде дәрі-дәрмек құралдарын  контрафактілі жөнелтуге қарсы әрекет етуге бағытталған. 

Интерполдың үйлестіруі арқасында «Пангея» операциясына қатысушы елдер, құқық қорғау және бақылаушы органдар, мекемелер мен ұйымдардың саны жыл сайын өсуде, ол Дүниежүзілік кеден ұйымымен (ДЖКҰ), Халықаралық фармацевтикалық қылмыстар бойынша тұрақты форуммен (ХФҚТФ), Европолмен және Бұрмаланған дәрі-дәрмек құраларымен күрес шараларын әзірлеуші құқық қорғау органдарының Жұмыс тобының басшыларымен (HMA WGEO) ынтымақтастықта.

Биылғы жылы Дүниежүзілік кеден ұйымымен, ДЖКҰ кіретін барлық елдердің кедендік әкімшілерімен, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен «Пангея» операциясы оныншы рет өткізілуде.

Бақыланбайтын  веб-сайттар арқылы заңсыз жарнама, лицензиясы жоқ, контрафактілі дәрі-дәрмектерді сату және жеткізу жаһанды және үдемелі құбылысқа айналды.  Жалған дәрі-дәрмекті тұтынушылардың жанама кері әсері бүкіл әлемде өсіп келеді.

Бұл жағдайда  «Пангея» операциясы контрафактілі дәрі-дәрмек құралдарымен адамзатқа тигізетін залалын төмендетуге бағытталған, фармацевтикалық тауарлардың заңсыз интернет-саудасын және айналымын жою  аса маңызды болып табылады.

 Кеден одағын құрағаннан кейін және кедендік бақылауды ішкі шекараларға ауыстырған соң, Солтүстік Қазақстан облысында ЕАЭО шекарасында жалғыз өткізу пункті, ол облыс орталығындағы халықаралық әуежайында орналасқан «Петропавл» өткізу пункті.

 Осы жағдайға байланысты, СҚО бойынша МКД қызметкерлері үшін дәрі-дәрмектерді жеткізумен айналысатын, заңсыз веб-сайттарды жоюға бағытталған операциялары, бір қатар іс-шаралар қол жетімсіз. Одан басқа, солтүстікқазақстандық кеденшілер «Пангея Х» операциясында бақыланбайтын веб-сайттардан дәрі-дәрмектерді сатып алумен байланысты қауіп-қатердің жоғарылығы туралы ақпаратты БАҚ арқылы барынша таратуда өз ролдерін көреді.

   Жалпы «Пангея Х» мерейтойлы операциясына қатысушылар Интернет инфрақұрылымдарын, домен аттарын тіркеушілер және тұтынушыларды веб-сайттарға орналастырушы және бағыттаушы интернет-қызметтерді жеткізушілерді, электрондық төлемдер жүйесі, тапсырыстар бойынша төлемдерді өңдеу процестері, пошта жеткізілім жүйесі және тұтынушыға өнімді жеткізушілерді тексеру жүргізіледі.

 Операция аясында заңсыз интернет-дәріханалар, несие карталары бойынша компаниялардың төлем жүйесін ұсыну, ұлттық пошта желілерінде және порттарда заңсыз медициналық өнімдерді ұстау тексерілетін болады.

 Пангея Х» операциясы кезінде дәрі-дәрмек құралдарының айналымын реттейтін органдармен полиция және кеден органдары өткізетін заңсыз фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді алу көзделген. Алақол фармацевтер мен контрафактілі медикаменттерді жеткізушілер жауапқа тартылады.

Жыл сайынғы операцияларға қатысушылардың бірлескен әрекеті бизнесті заңсыз жүргізуге кедергі жасауға және халықты заңсыз әрі қауіпті медициналық өнімдерден қорғауға мүмкіндік берері анық.