Date of publication: 08.09.2017 12:58
Date of changing: 08.09.2017 14:42

Салық кодексінің 37-бабында реттелген    жағдайларымен таратылатын  заңды тұлғаның  салық міндеттемесін (салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу) орындау, және тарату рәсімі келесіде:

Резидент-заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бұл туралы жазбаша хабарлайды.

 Таратылатын заңды тұлға аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтінішті;

таратудың салық есептілігін ұсынады.

Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, жарналар және аударымдар, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірмей жүргізіледі.

Салық органдары құжаттық тексеруді таратылатын заңды тұлғаның салықтық өтінішін салық органы алғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей бастауға тиіс.

Құжаттық тексеру аяқталғаннан кейiн таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:

 тарату балансын;

 банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етеді.

Таратылатын заңды тұлға осы көрсетілген құжаттарды бір мезгілде мынадай талаптарды сақтағанда құжаттық тексерудің аяқталған күнінен үш жұмыс күнінің ішінде ұсынады:

1) салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің болмауы;

2) салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;

3) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;

4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуінің болмауы;

5) кеден органдары алатын кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргізуге арналған орындалмаған салықтық өтініштің болмауы сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

 

Сонымен қатар таратылатын заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері Салық кодексінде  белгіленген, бұл:

Жекелеген санаттарды  камералдық бақылау  нәтижелері бойынша тарату

 

Салық кодексінің 37-1 бабында реттелген    жағдайларымен таратылатын  заңды тұлғаның  салық міндеттемесін (салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу) орындау ерекшелігін белгілейді, және таратылатын  заңды тұлғалар үшін белгіленген, олар бір мезгілде мынадай тиісті шарттарға сәйкес келетін:

қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;

ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданбайтын (қолданбаған);

қайта ұйымдастырылмаған немесе қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқоры болып табылмайтын;

тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулер жоспарына енгізілмеген.

Салық кодексінің 46-бабында белгіленген (5 жыл) талап қою мерзімі ішінде осы айқындалған шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғаларға қатысты қолданылады, сонымен қатар ережелері құрылған күнінен бергі кезеңі талап қою мерзімінен аз, заңды тұлғаларға да қолданылады.

2. Заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) осындай есепке алу болған жағдайда қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;

3) таратудың салық есептілігін;

  4) бақылау-кассалық машинасын салық органына есепке қойған жағдайда бақылау-кассалық машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті жарналар және аударымдар, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірмей жүргізіледі.

5. Салық органы таратылатын заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде талап қою мерзімі шегінде заңды тұлғаға қатысты салықтық тексеру жүргізілмеген кезең үшін:

      1) мемлекеттік уәкілетті органдарға – қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікпен жасаған мәмілелері туралы, сондай-ақ салық органының сұратуын алған күнгі жағдай бойынша оның мүлкі туралы мәліметтерді табыс ету туралы;

      2) кеден органдарына – қызметі тоқтатылатын заңды тұлға жасаған сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтерді табыс ету туралы, сондай-ақ кеден төлемдері және салықтар бойынша салық органының сұратуын алған күнге берешегінің жоқ екендігін растау туралы;

      3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – қызметі тоқтатылатын заңды тұлғаның салық органының сұратуы алынған күні банктік шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді табыс ету туралы сауал жібереді.

      Салық органының сауалдары бойынша мәліметтер,  оларды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілуге жатады.

 6. Салық органы барлық мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық бақылауды жүзеге асырады және Салық кодексте белгіленген тәртіппен қорытынды жасайды.      

      Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері мен салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, аударымдар, жарналар бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.

 7. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда таратылатын заңды тұлғаға қорытынды алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Салық кодексінің 84-тарауында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.

      Таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды Салық кодексінің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары таратылатын заңды тұлғаға қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайда құжаттық салықтық тексеру жүргізіледі.

11.Таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:

      1) тарату балансын;

      2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етедi.

Таратылатын заңды тұлға салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі болмаған жағдайда, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құжаттарды табыс етеді.

12. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегi, міндетті жарналары, аударымдар, жарналар бойынша берешек болған жағдайда, таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою шартымен салық берешегi, міндетті жарналары, аударымдар, жарналар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген құжаттарды табыс етеді.

13. Көрсетiлген құжаттар ұсынылғаннан кейiн салық органы заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органға таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді Салық кодексінiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жiбередi.

 

Жекелеген санаттарды салықтар бойынша аудиторлық қортындының нәтижелері бойынша тарату

Таратылатын заңды тұлғалардың жекелеген санаттары (салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу) салық міндеттемесін орындау, Салық кодексінің 37-2 бабымен жағдайлар бойынша реттелген, және таратылатын заңды тұлғалар үшін тарату рәсімінің ерекшеліктерін белгілейді, олар бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келеді:

1) таратылатын заңды тұлғаның және қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің Салық кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қоюдың ескіру мерзiмi кезеңіндегі түзетулері ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістерінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 120000 еселенген мөлшерінен аспайтын;

2) салық органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын аудиторлық ұйым жасаған салықтар бойынша аудиторлық қорытындысы бар таратылатын резидент заңды тұлғалардың және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктерін белгілейді.

      Бұл ретте, егер салықтар бойынша аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша салықтарды және төленетін басқа да міндетті төлемдерді, жарналарды,  есептеу, аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаса, мұндай міндеттемелер таратылатын заңды тұлғаның немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің аудиторлық ұйым салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны осындай салық төлеушіге тапсырған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде орындауына жатады.

Заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

      1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

      2) тіркеу есебі болған кезде жекелеген қызмет түрлері бойынша осындай есепке алудан шығару туралы салықтық өтінішті;

      3) таратудың салық есептілігін;

      4) аудиторлық ұйым жасаған салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны;

      5) бақылау-кассалық машинасын салық органына есепке қойған жағдайда бақылау-кассалық машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті жарналар және аударымдар, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталса, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірмей жүргізіледі.

Салық органы құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Салық кодекстің 586-бабында айқындалатын тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыруға міндетті.                 

 Салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, таратылатын заңды тұлғаға бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылады.

  Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды таратылатын заңды тұлға Салық кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

  Салық төлеуші салық берешегін, міндетті жарналары, аударымдар  бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

7. Хабарлама орындалмаған және (немесе) салық органдары таратылатын заңды тұлғаға қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайларда, салық органы мұндай салық төлеушіге қатысты анықталған, құжаттық салықтық тексеруді тағайындау үшін негіз болған фактілер мен мән-жайлар бойынша аталған тексеруді жүргізеді.

8. Салық кодексінің 37-2-бабының 4, 5 және 6-тармақтарында белгіленген ережелер орындалған және салық берешегi, міндетті жарналары, аударымдар бойынша берешек болмаған жағдайларда, сондай-ақ салық органы жүргізген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған кезде таратылатын заңды тұлға орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:

1)  тарату балансын;

2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiң және (немесе) ұйымның анықтамасын,  банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы салық берешегі болмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған күннен он бес жұмыс күні ішінде бар банктік шоттарды жабу туралы, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарды табыс етеді.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар салық берешегі, міндетті жарналары, аударымдар бойынша берешек болған жағдайларда, таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған жағдайда салық берешегі, міндетті жарналары, аударымдар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құжаттарды табыс етеді.

9. Содан соң салық органы заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органға таратылатын заңды тұлға бойынша есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді Салық кодексінің 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жiбередi.

Салық төлеуші үшін осы норманың артықшылығы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР кодексіне сәйкес салық тексерісімен қоса есептеген кезінде қаралған, аудиторлық қорытынды нәтижелері бойынша қоса есептеген жағдайда әкімшілік жауапкершіліктен құтылуы болып табылатына назар аударамыз.

 

СҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасы