Date of publication: 09.08.2023 17:22
Date of changing: 09.08.2023 17:24

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемге қатысты мынаны хабарлайды.

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 574 – бабының 1-тармағына сәйкес 01.01.2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес (бұдан әрі-Экологиялық кодекс)  айқындалған I, II және III санаттағы объектілердің операторлары қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (бұдан әрі-төлем) төлеушілер болып табылады.

Тиісті объектілерді қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілердің белгілі бір санатына жатқызуды айқындау мақсатында (I, II, III және IV санаттарға) салық төлеуші өтінішті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға («СҚО экология департаменті» РММ, телефон 8(7152) 46-18-87) Бірыңғай экологиялық порталы «Қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің санатын анықтау бойынша модуль»  арқылы жіберуі қажет.

Объектілер IV санатқа жатқызылған жағдайда, салық төлеушіде мұндай объектілер бойынша салық міндеттемелері (салық есептілігін ұсыну және төлемақы төлеу бойынша) туындамайды.

Салық Кодексінің 103-бабына сәйкес салық төлеуші салықтың қате төленген сомасын, салық өтініші бойынша бюджетке төленетін төлемді есепке жатқызуға, қайтаруға құқылы.