Date of publication: 09.08.2023 12:15
Date of changing: 09.08.2023 12:17

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғаларды жолаушылар кедендік декларациясы бойынша декларациялауды оңайлату мақсатында «е-salyq Azamat» мобильді қосымшасында модуль әзірледі, оның көмегімен жеке тұлғалардың орналасқан жеріне қарамастан мобильді құрылғы арқылы жолаушылар кедендік декларациясын тапсыру мүмкіндігі бар.

Мобильді қосымшада әзірленген модуль жеке тұлғалардың халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тасымалданатын жеке пайдалануға арналған тауарларды және тасымалдаушылар жеткізетін тауарларды, сондай-ақ қолма-қол ақша қаражаттары мен ақша құралдарын декларациялауға арналған.

«е-salyq Azamat» мобильді қосымшасында жолаушы кедендік декларациясы негізінде жеке тұлғаларды декларациялау үшін Сізге «е-salyq Azamat» мобильді қосымшасын орнату қажет. Бұл ретте негізгі мәзірде «Декларацияны тапсыру» ішкі жүйесі арқылы «Декларацияны тапсыру» бөліміне кіру, «Жолаушы кедендік декларациясы» декларация түрін таңдау қажет.

Бұл қызмет жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау рәсімін едәуір жылдамдатуға және жеңілдетуге мүмкіндік береді.