Date of publication: 08.08.2023 18:13
Date of changing: 08.08.2023 18:15

Құрметті оқырмандар!

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қазанында 2022 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеу салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу үшін салық кезеңі күнтізбелік жыл 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін болып табылады.

Сіз мобильді қосымшада есептелген салықтардың мөлшерін тексере аласыз:
"E-Salyq Azamat "сервисінде" Электрондық сервистер " → "ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі".