Date of publication: 04.08.2023 16:37
Date of changing: 04.08.2023 16:39

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті алқасының 2023 жылғы І жартыжылдықтағы отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау шеңберінде СҚО бойынша МКД Кедендік бақылау басқармасы Көлік комитетінің аумақтық инспекциясымен көлік заңнамасының жекелеген құқықтық нормалары бойынша оқыту семинарын өткізді, сондай-ақ екі мемлекеттік органның өзара іс-қимылының өзекті сәттері қаралды.

Кеңеске Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының м. а. Р.Н. Меделбеков және СҚО бойынша КБИ көліктегі бақылау бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Екі мемлекеттік қызмет тығыз өзара іс-қимылда жұмыс істейді. Мәселен, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің нормаларына сәйкес кеден органдары құзыреті шегінде автомобиль, теңіз өткізу пункттерінде және ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында көліктік бақылау жүргізеді.

Солтүстік Қазақстан облысында мұндай өткізу пункттерінің жоқтығын назарға ала отырып, облыстық қызмет ведомстволары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің бірлескен бұйрығын басшылыққа алады, олар 2022 жылғы шілдеде көліктік бақылау және ақпарат алмасу кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітті.

Бір жылдан астам уақыт бойы осы бұйрық аясында тауарларды жеткізу орындарында рұқсат бланкілерін тексеру жұмыстары жүргізілуде, ал ағымдағы жылы бұл жұмысқа «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қоғамдық негізде қосылды.

Экономикалық мүдделерді қорғау, шекарада (жеткізу орындарында) АКҚ және жүктерді заңсыз өткізу фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында лауазымды адамдар тасымалданатын жүктерге мониторингті жүзеге асыру кезінде көліктік бақылауды жүзеге асыру бойынша апта сайынғы бірлескен есептерді енгізді.

2022 жылғы тамыз кезеңінен бастап қазіргі уақытқа дейін 923 шетелдік автокөлік құралдары (2022 жылы - 367 және 2023 жылы - 556) және 759 отандық автокөлік құралдары (281 және 478) бойынша бақылау жүргізілді.

2023 жылы 12 Әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл ретте өндіріп алынған айыппұлдар сомасы шамамен 11 миллион теңгені құрады. Аталған көрсеткіштер республика бойынша ең үздіктердің бірі болып табылады.

Өзара әрекеттесу жалғасады.