Date of publication: 27.07.2023 17:44
Date of changing: 27.07.2023 17:45

 

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік кірістер комитет мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп «бір терезе» қағидаты бойынша интеграцияланған бақылауды енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Жұмыстар шеңберінде егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп және де сыртқы және ішкі кеден бекеттерінде, оның ішінде кедендік рәсімдеу орталықтарында интеграцияланған бақылауды жүргізудің технологиялық процесі қайта қаралды.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша интеграцияланған бақылауды ұйымдастыруды көздейтін бизнес-процесс әзірленді. Бұл бизнес-процесс ағымдағы жылғы 20 қаңтардағы кеңесте барлық қатысушы мемлекеттік органдармен қаралды және мақұлданды.

Бүгінгі таңда «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесіне модификациялау жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың соңына дейін бұл жұмыс аяқталады.