Date of publication: 12.07.2023 23:38
Date of changing: 12.07.2023 23:41

 

 

Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде 2023 жылғы 8 маусымнан бастап веб-нұсқада ЭЦҚ авторизациялаудың баламасы ретінде QR-кодтың көмегімен авторизациялау мүмкіндігі берілген.

QR-коды арқылы авторизацияны таңдау кезінде:
1. Жүйеге кіру - QR көмегімен кіру түймесін басыңыз;
2. Ұялы телефонда қосымшаны ашып, eGov mobile-ға кіріңіз;
3. EGov mobile басты бетінде "eGov QR" түймесін басыңыз;
4. ЭШФ АЖ веб-порталында көрсетілген QR-кодты ұялы телефон арқылы сканерлеп,
қол қойыңыз, содан кейін экранда "қол қою сәтті орындалды!» хабарламасы
көрсетіледі.

Әрі қарай логин мен парольді енгізу қажет.
Авторизация жұмысы бойынша QR- код арқылы сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз немесе байланыс орталығының 8 (7152) 46-60-50 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.