Date of publication: 11.07.2023 23:25
Date of changing: 11.07.2023 23:30

                 28 маусымда Қазақстан журналистері өздерінің кәсіби мерекесі – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнін атап өтті.

Дәстүр бойынша, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай біздің Департаментте іс-шара өткізіліп, қорытындылар жасалып, ерекшеленгендерді марапаттады.

                 Бірақ бүгін, 2023 жылғы 11 шілдеде ерекше марапат – алғыс және ризашылық сөздері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі-ҚР ҚМ МКК) бағалы сыйлығы табыс етілді.

                 Биылғы жылы ЖК Абраев Заир Наилевичпен жарықдиодты LED-экрандарда ақпаратты орналастыру бойынша ынтымақтастық атап өтілді.

                 Департамент басшысының орынбасары Б. М. Шайкенов Заир Наилевичті құттықтап, ҚР ҚМ МКК Алғыс хатын оқып, құнды сыйлық табыс етті және мемлекетіміздің нығаюы мен өркендеуіне ықпал ететін одан әрі пайдалы ынтымақтастыққа үміт білдірді!