Date of publication: 08.06.2023 09:18
Date of changing: 08.06.2023 09:21

 Осы режимді қолданатын салық төлеушілер (бұл кірісі жылына 600,0 мың АЕК-тен аспайтын (23 жылы 2.070 млрд теңге) және жұмыскерлер саны 200 адамға дейінгі белгіленген тізбеге кіретін қызмет түрлерін жүзеге асыратындар):

1)айналым мөлшеріне қарамастан табыс бойынша белгіленген шегіне дейін ҚҚС бойынша есепке тұрмауға құқылы.

2) әлеуметтік салық төлеушілер емес;

3) салық салу объектісін (шығыстарды шегермей кірістер) қызметкерлердің жалақысын төлеуге арналған шығыстар сомасына азайтады;

4) егер салық төлеуші микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санатына жататын болса, ЖТС және әлеуметтік төлемдерді төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібінің орнына қызметкерлердің кірістерінен бірыңғай төлем төлеуге көшуге құқылы.

Еске салайық:
- бөлшек салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі 114-тен 190

Қызмет түріне дейін кеңейтілді;
- режимді қолдану бойынша норма мерзімсіз енгізілді (бұрын нормалар екі жылдық кезеңге енгізілді);
- салық кезеңі тоқсан болып табылады;
- мәслихат шешімімен 2% - ға дейін төмендетілуі мүмкін жалпы 4% мөлшерлеме, сондай-ақ 8% мөлшеріндегі арнайы мөлшерлеме қолданылады, ол төмендетуге жатпайды және егер сатып алушы (қызмет алушы) салық салуда шығыстарды құжатпен расталған шегерімдерге жатқызу жөніндегі норманы қолданған жағдайда қолданылады.

Шығыстар сомаларын шегерімге жатқызу үшін сатып алушы бөлшек салық режимін қолданатын тұлғадан ЭШФ жазуды немесе осындай сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып чек беруді талап етуге құқылы.

Мәслихат ставканы төмендету жөніндегі шешімін ағымдағы жылы 1 шілдеден кешіктірілмей, келесі кезеңдерде – ставканы енгізу алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануға тиіс.