Date of publication: 27.12.2022 23:16
Date of changing: 27.12.2022 23:18
 
 2022 жылғы 24 маусымдағы №53-VII Қазақстан Республикасының заңнамасымен Салық кодексіне  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, оған сәйкес бөлшек салық ставкасы алынған табыстың 6% мөлшерінде мөлшерлемені қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоғамдық тамақтану саласы үшін тағы 2 жылға (2023 жылдан 2025 жылға дейін) ұзартылады.
Мәселен, «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерінің тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 912 қаулысымен «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізілді, онда бөлшек салықты АСР қолдану мақсаттары үшін қоғамдық тамақтану саласындағы қызмет түрлері айқындалған.
Қазіргі уақытта бөлшек салық СТН қолданатын салық төлеушілердің атына жоғарыда көрсетілген өзгерістер туралы ақпарат салық төлеушінің кабинетіне жіберілді.