Date of publication: 06.09.2022 09:36
Date of changing: 06.09.2022 09:47

   Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу сапасына қанағаттанудың ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдайлар жасауға көп көңіл бөлінеді.

      Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қоғамдық өмірдің барлық салаларында кеңінен қолданылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестері де ерекшелік емес.

     Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру және оларды электрондық форматқа көшіру мемлекеттік органдардың басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтердің 44 түрін көрсетеді, оның ішінде 40 қызмет, бұл 90,9%-ды құрайды, электрондық нысанда ұсыну, оның ішінде «Салық есептілігін кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметі іске асырылды.

 «Салық есептілігін кері қайтарып алу  мемлекеттік қызметіне қысқаша тоқталайық.  Бұл қызметті www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда ақпараттық жүйе арқылы алуға болады.

  Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушыларға ыңғайлы болуы үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы қағаз жеткізгіште жүгіну мүмкіндігі ұсынылды.

Мемлекеттік корпорацияға құжаттар тізбесі:

 1) салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініші;

 2) салық есептілігі – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 208-бабы 2-тармағының талаптарын бұза отырып ұсынылған салық есептілігін алып тастау әдісімен кері қайтарып алынған жағдайда;

        порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш;

 2) салық есептілігі – баптың 2-тармағының талаптарын бұза отырып ұсынылған салық есептілігін алып тастау әдісімен кері қайтарып алынған жағдайда.                       

Өзгерту әдісімен мынадай салық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі:

  онда валюта коды көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;

  жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі және (немесе) күні көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;

  онда резиденттік мәртебесі көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген;

  салық органының коды дұрыс көрсетілмеген;

  салық кезеңі дұрыс көрсетілмеген;

  салық есептілігінің түрі дұрыс көрсетілмеген;

  салықтық тексеру жүргізілгеннен кейін немесе камералдық бақылау аяқталғаннан кейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылданған жағдайда таратудың салық есептілігі.

 

     «Салық есептілігін кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Электрондық қызметтер сұранысқа ие болып, салық төлеушілердің өмірін едәуір жеңілдететіні сөзсіз. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру, қызметтер спектрін кеңейту, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы және мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық ресурстарын алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Құрметті мемлекеттік кірістер органдарының қызметін пайдаланушылар, мемлекеттік қызметтерді алу ыңғайлылығына бағытталған мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс электрондық өзара іс-қимылдың одан әрі белсенділігін арттырады деп үміттенеміз!