Date of publication: 10.08.2022 22:54
Date of changing: 10.08.2022 22:55

 

Үш компонентті интеграцияланған жүйе – бұл деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден, сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш компонентін алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе болып табылады.

Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер үшін ҮИЖ қолданудың артықшылықтары

  1. Салық кезіңіндегі, яғни жартыжылдықтағы кіріс шегі 24 038 АЕК-тен (73,6 млн. теңге).
  2. 2022 жылы ҚҚС бойынша шек 20 000 АЕК-тен 124 184 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, яғни 61,3 млн. теңгеден 380,4 млн. теңгеге дейін.
  3. Алайда, бұл ұлғаю тек үш компонентті интеграцияланған жүйені қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын операцияларға қатысты екенін ескеру қажет. Бұл жүйе жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жуңілдетуге арналған.

         Үш компонентті интеграцияланған жүйені есепке қою, өзгерту, есептен шығару салықтық өтініш негізінде, жеке кәсіпкер орналасқан жердегі мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен немесе салық төлеушінің Кабинетінде электрондық түрде жүзеге асырылады. Бірыңғай тізілімі Комитеттің kgd.dov.kz. сайтында орналастырылған.