Date of publication: 09.08.2022 20:38
Date of changing: 09.08.2022 20:39

Хабарландыру!

Құрметті салық төлеушілер!

2022 жылғы 5 тамыздан бастап ҚР ҚМ  Мемлекеттік кірістер комитеті "Транстелеком" АҚ-мен бірлесіп бақылау-касса машиналарында (БКМ) жаңа "push-салық хабарламалары" қызметін іске қосты

Бірлескен жобаның басты идеясы- БКМ пайдаланушыларына белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсыну қажеттілігі туралы тез және қолжетімді еске салу және шоттар мен айыппұлдарды бұғаттаудан сақтауға мүмкіндік береді.

БКМ арқылы 2022 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей айлық, тоқсандық (2-тоқсанға), жартыжылдық (1-жартыжылдыққа) салық есептілігі, оның ішінде 910.00 нысаны бойынша (оңайлатылған декларация) уақтылы ұсыну туралы ескертумен push-салық хабарламалары келеді.