Date of publication: 25.07.2022 22:32
Date of changing: 25.07.2022 22:32

2022 жылдың 22 шілдесінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде ҚР Қаржы Вице-министрі Ержан Біржановтың төрағалығымен ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысымен алқа отырысы өтті. Бейне-конференцбайланыс арқылы өткен алқа мәжілісіне аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары қатысты.

Республика бойынша мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы қорытындыланып, екінші жартыжылдыққа міндеттер анықталды және тапсырмалар берілді.

2022 жылдың 1 жартыжылдығына мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер бойынша жоспар 106,4%-ке орындалып, 7,15 трлн теңге түскен.  Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер 2,3 трлн теңгеге көбейіп, 1,5 есеге өскен.

Аталған кезеңде бюджетке 567,2 млрд теңге сомасындағы қосымша резерв түсімдері қамтамасыз етілді. Камералдық бақылау мен салық аудитінің тиімділігі 162,7 млрд теңгеге өскен. 

2022 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік кірістер органдарымен салықтық және кедендік бағыттағы 9,9 млн мемлекеттік қызмет көрсетулер көрсетіліп, оның ішінде 99%-і электронды түрде көрсетілген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электронды қыметтер саны 1,9%-ке өскен. Одан бөлек, мемлекеттік кірістер органдарының Байланыс орталығына кеңес алу үшін хабарласқан азаматтардың 97%-і операторлардың жұмысына оң баға берген.

Алқа мәжілісінің қорытындысымен аумақтық департаменттерге сыбайлас жемқорлықпен күрес, бюджетке салықтық және кедендік түсімдер жоспарының орындалуы,  сондай-ақ қосымша резервтер түсімін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруға тапсырма берілді.