Date of publication: 08.07.2022 15:44
Date of changing: 08.07.2022 15:48

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
 
Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің жергілікті салықтар секторының аға салық инспекторы болып бастаған.
 
1999 - 2004 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде жұмыс істеді.
 
2004 - 2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымында болды.
 
2014 жылғы наурыз-қараша аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы.
 
2014 - 2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Даму және жаңғырту департаментінің директоры қызметін атқарды.
 
2017 жылғы қаңтардан наурызға дейін – «Қазимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары.
 
2017-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
 
2021 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.