
СҚО кәсіпкерлер палатасының алаңында ағымдағы жылдың 21 ақпан салық төлеушілердің хабардарлығы және салық мәдениетін арттыру үшін, электронды шот фактуралардың көшірмесі бойынша мәселелер жөнінде кең семинар-кеңес, соның ішінде мемлекеттік сатып алудың қатысушыларымен, сондай ақ шетелдік қаржыландыру мониторингі бойынша және «Астана-1» АЖ бағдарламасы бойынша жүргізілді.
Семинарға заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлердің өкілдері қатысты.
Семинарды СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Абайұлы Казиев ашты.
Бұдан әрі, семинар-кеңес жүргізу бағдарламасына сәйкес СҚО бойынша мемлекеттіккірістер департаментінің қызметкерлері Ж.К.Клюкова, С.А.Липина, Ж.Д.Кабдушева баяндады;
Түсіндіру жұмыс басқармасының маманы Ж.К.Клюкова өзінің баяндамасында ЭШФ көшірмелерінің ерекшеліктерімен таныстырды.
Салық кодексінің 263 б. 2 т. сәйкес ЭШФ көшірмесі бойынша міндет туындайды:
- 2016 ж. 1 қаңтардан салық төлеушілерде өкілетті экономикалық операторлармен, кеден тасушыларымен, уақытша сақтау қоймаларының иелерімен, кеден ісі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден қоймаларының иелері болып табылатындар;
- 2018 ж. 1 қаңтарынан мониторингке тиісті, ірі салық төлеушілер;
- 2019 ж. 1 қаңтарынан қосылған құнға салық төлеушілер,
- 2016 ж. 11 қаңтарынан салық төлеушілер ҚР бекітілген, халықаралық келісімдерді сіке асыруға қабылдаған, ҚР нормативтік құқықтық актілермен қаралған жағдайларда.
ЕЭКО 2015 ж. 14 желтоқсандағы №59 шешімімен тауарлар тізімі бекітілген, оларға қатысты ҚР дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарттары ретінде қабылданған, міндеттерге сәйкес, ЕЭО ЕТТ баждарының ставкаларымен салыстыру бойынша ең төмен, әкелінген кеден баждарының ставкалары қолданылады (бұдан әрі - тізім).
2015 ж. 9 желтоқсандағы нұсқаулығының 7 т. сәйкес салық төлеуші электронды нысанда көшірілетін шот – фактуралардың құжат айналымының ережелерімен белгіленген тәрітпте ЭШФ көшіреді (09.02.2015 ж. №77 ҚР ҚМ бұйрығымен бекітілді):
- Үшінші елдер аумағынан бұрын әкелінген, алу тізіміне енгізілген, тауарларды іске асыру кезінде;
- ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы алу тізіміне енгізілген, тауарлардың ЕАЭО мемлекет мүшелерінің аумағынан ҚР аумағына әкелінгендерді іске асыру;
- ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы алу тізіміне енгізілген, тауарлардың ҚР аумағына өндірілгенді іске асыру;
- Бір заңды тұлғаның шегінде тауарларды тапсыруға байланысты ЕАЭО басқа мемлекет-мүшесінің аумағына ҚР аумағынан шығару кезінде;
Сондай ақ Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің шешіміне сәйкес 12.08.2016 ж. №5 ҚР аумағынан ЕАЭО басқа мемлекет-мүшелерінің аумағына тауарлардың тізіміне кіретін, ілеспе құжаттар ретінде МКО мөрімен куәландырылатын, электронды шот-фактуралардың қағаз көшірмесі танылатынын атап өтті.
Салық кодексі және ереженің 256, 263 және 264 б. белгіленген талаптарға сәйкес көшірілген ЭШФ, электронды шот фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген, қосылған құнға салық сынағына жатқызылғаны үшін негіздеме болып табылады. Электронды нысанда көшірілген шот фактуралар тауарлар, жұмыс, қызмет алушылар ҚҚС сынағына жатқызу үшін негіздеме болып табылады.
Сонымен қоса, «Мемлекеттік сатып алу туралы» өзгерістер енгізілді, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңына 52 б. 1 т. 2 ) т. және 43 б. 26 т. сәйкес 2017 ж. 1 қаңтардағы мемлекеттік сатып алу туралы келісімді орындау туралы құжаттар, соның ішінде электронды нысанда шот-фактуралар рәсімделеді.
Бұдан әрі кедендік рәсімдеу басқармасының бас маманы С.А.Липина баяндады. Кедендік әкімшілендіруді жетілдіруде өзектісі тауарларға декларацияларды беруде адам факторының ықпалын алып тастауға рұқсат ететін электронды ресми мәлімдеуді енгізу болып табылатынын атап өтті. Электронды ресми мәлімдеу жүйесін іске асыру үшін кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің ықпалданған кедендік компонентті енгізу шешілді.
2016 ж. шілдесінен Астана, Алматы қалалары, Аламты және Қарағанды облыстары бойынша МКД базасында жүйесіне пилотты сынау басталды.
«Пилотты» жүргізу басқа аймақтарда 2017 ж. қаңтарынан басталды. 2017 ж. 15 ақпанынан біздің аймақта «пилоттың» басталуы, 2017 ж. 01 шілдесінен «Астана-1» АЖ өнеркәсіптік пайдалану жоспарланған.
Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Ж.Д.Қабдөшева өзінің баяндамасында 26.07.2016 ж. «Төлемдер және төлемдер жүйелері туралы» заңды қабылдауға байланысты, салық заңнамасына өзгерістер енгізілді.
Салық кодексінің 14 б. Шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетел ұйымдарынан, шетелдіктерден, 1 теңге сомасына артатын, олармен жасалған келісімдер бойынша және заңды көмек көрсетуге бағытталған, азаматтығы жоқ тұлғалардың өзге мүлігі және (немесе) ақшаны жұмсау және алу туралы тұрғылықты жері бойынша МКО жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері хабарлама және мәлімет ұсынады, соның ішінде құқықтық ақпараттандыру, сондай ақ оларға кеңес беру, қоғамдық пікір сұратуларын зерттеу және жүргізу, сондай ақ олардың нәтижелерін тарату және орналастыру, жинау, ақпаратты талдау және тарату.
Заң қолданысы таратылмайтын тұлғалар және жағдайлар тізімі белгіленді.
Сондай-ақ, салық кодексінің 14 б. талабындағы заң көмегін көрсету, соның ішінде құқықтық хабардарлық, азаматтардың және ұйымдардың мүдделерін қорғау және өкілдік ету, сондай ақ оларға кеңес беру коммерциялық мақсатта жүзеге асты ма жоқ па соған қарамастан, шетел көздерінен ақша және (өзге) мүлікті алу туралы келісім жасауға назар аудару қажет.
Сонымен бірге, тұлғалар туралы ақпарат – шетел көздерінен ақша және (немесе) мүлік алатындар, оларды ұсынған тұлғалар туралы, алынған қаражаттар сомаларға және өзге мәліметтер ҚР ҚМ МКК интернет порталында орналастырылатыны мамандармен белгіленді.
Семинардың соңында Департамент қызметкерлерімен түсініктемелер және салық және кеден заңнамасының көптеген проблемалы мәселелерге жауап берілді.