Жарияланған күні: 04.11.2015 09:09
Өзгертілген күні: 04.11.2015 09:12

 

Облыс салық төлеушілерінің мәліметіне!

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қолма-қол түскен ақшаны көрсету толықтылығы үшін салықтық бақылауды күшейту бойынша бақылау-профилактикалық шараларды жүргізу туралы облыс салық төлеушілердің назарына жеткізеді.

Іс-шара жалданушы жұмыскерлердің жалдануы және нақты кірісті төмендетілуін анықтау бойынша салықтық тексерісті жүзеге асыру жолымен жүргізіледі.

Тақырыптық тексеріс – салық органымен жүргізілетін тексеріс салық төлеушілерге қатысты (салық агенті) соның ішінде мынадай мәселелер бойынша:

-бақылау-касса машиналарының болуы;

-карточка төлемдерін пайдалану арқылы төлемді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

- бақылау-касса машиналарының пайдалану тәртібінің сақталуы.

- акциздің түпнұсқасы және есептік-бақылау маркаларының болуы, алкголь өнімдерге, мұнай өнімдері және биоотынның ілеспе жүкқұжаттың түснұсқасының және маркалардың, лицензияның болуы;

- акцизделетін тауарлардың жеке түрлерін сақтау және іске асыру, өндіру жағдайы және лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау; 

Бүгінгі күні жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша 152 тақырыптық тексеріс өтті, 148 салық төлеушіден келесі бұзушылықтар анықталды:

- 76 салық төлеуші бойынша салық органында тіркеу есебінде жоқ;

- 57 салық төлеуші бойынша бақылау-касса машинасының болмауы;

- 3 салық төлеушіде төлем карточкаларын (РOS-терминал)  пайдалану арқылы төлемдерді жүзеге асыратын жабдық (құрылғы) жоқ;

- 12 салық төлеуші бойынша бақылау-касса машиналарын пайдалануды сақтауға бұзушылық жіберілген.

Нәтиже бойынша бүгінгі күнге 144 салық төлеуші бойынша әкімшіліктік өндіріс қозғалды, оның 94 салық төлеушіге ескерту түрінде әкімшіліктік жаза және 18 салық төлеушіге айыппұл түрінде салынды, және 32 салық төлеушінің әкімшіліктік ісі сотқа жіберілді.

         Сонымен қатар, жыл басынан бері салық төлеуші акцизделетін тауарлардың жеке түрлері өндірі мен айналымының  мемлекеттік реттеу  мәселелері бойынша жоспардан тыс тексерістің 43 аяқталды, 8 хронометражды зерттеу.

         Бұзушылық 41 жағдайда анықталды, соның ішінде:

- алкогольді өнімдерді лицензиясыз іске асыруда 5 факті;

- жалған бақылау-есеп маркаларымен алкоголь өнімдерін іске асыру – 3 фактісі;

- алкоголь өнімдерін ілеспе-жүкқұжатсыз алкоголь өнімдерін сақтау және іске асыру -3 фактісі;

- алкоголь өнімдерін саудаға тыйым салынған  орындарда  саудасы- 2 факті;

Барлығы 2,1 мың литр алкоголь өніміне шектеу қойылды.

Айыппұл түріндегі әкімшіліктік жауапкершілікке 40 салық төлеуші тартылды.