Жарияланған күні: 03.07.2025 17:37
Өзгертілген күні: 03.07.2025 17:39

 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің №707 бұйрығы қолданыста. Бұл бұйрық мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың электрондық кезек арқылы өту тәртібін жетілдіруге бағытталған. Бұйрыққа өзгерістер енгізуді көздейді.

Жоба құқықтық қолдану тәжірибесі, тасымалдаушылардың өтініштері және қолданыстағы заңнаманың ережелері негізінде әзірленді.

Жобаның негізгі ережелері келесідей проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған:

1. Мәселе: өту түрлері бойынша төлемдердің нақтыланбауы

Бұған дейін екі төлем түрі болған: жалпы (1 АЕК) және жеделдетілген (100 АЕК), бірақ шұғыл және жеделдетілген тәртіп бір броньдау түрі ретінде сипатталған, бұл олардың арасында түсініспеушілікке әкелді. Қайта броньдау мен броньды пайдаланбау жағдайларын да ескеру қажет болды.

Шешім: Төлем мөлшерлемелері нақты бөлінді:

          •         шұғыл өту – 1 АЕК;

          •         жеделдетілген өту – 100 АЕК;

          •         қайта броньдау (бұрын брондалған кезекті ЭКЖ-да басқа күнге және Мемшекараны кесіп өту уақытын 1 (бір) рет ауыстыру және 1 (бір) рет бронды алып тастау ЭКЖ-ны пайдалана отырып, Мемшекара арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу қайта ақы төлемей жүргізіледі) – 100 АЕК;

          •         кепілдік жарна – 20 АЕК.

Әрбір өту түрін алу шарттары нақты белгіленді.

 

2. Мәселе: броньдалған слоттарды жаппай пайдаланбау (40%-ға дейін)

2025 жылдың басынан бастап 1 АЕК арқылы броньдалған кезектердің 39%-ы пайдаланылмаған – көлік құралдары шекара бекетіне келмеген. Объективті себептермен қатар (техникалық ақаулар, ауа райы) кейбір жағдайлар артық броньдаумен байланысты. Осыған байланысты қайта босатылған слоттар үшін төлемді 100 АЕК-ке дейін арттыру және 20 АЕК көлемінде кепілдік жарна енгізу жоспарлануда.

Шешім: Пайдаланылмаған жағдайда кепілдік жарна есепшоттан шегеріледі. Кезек пайдаланылса – қайтарылады.

 

3. Мәселе: шекарадан өткен-өтпегені туралы растаудың болмауы

Кепілдік жарна механизмін енгізу нақты деректерге сүйенуді қажет етеді.

Шешім: Мемлекеттік «Беркут» жүйесімен интеграция арқылы шекарадан өту фактісін нақтылау және кепіл сомасын қайтару негізделеді.

 

4. Мәселе: жүктің жекелеген түрлеріне басымдық беру тәртібінің болмауы

Бұған дейін басымдық берілетін жүк түрлері көрсетілгенімен, нақты механизм болмаған.

Шешім: Жануарлар, тез бүлінетін және қауіпті жүктер үшін жеке слот енгізіледі.