
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С. Шәкенова Департаменттің жаңадан қабылданған қызметкерлерімен тұрақты негізде профилактикалық сұхбат жүргізеді.
2018жылғы 02 қазанда ол жаңадан қабылданған қызметкерлермен техникалық сабақ өткізді және оларды Әдеп кодексінің негізгі ережелерімен жете таныстырды және барлық қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне (Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидасына) (бұдан әрі – Әдеп кодексі) сәйкес мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятынын жеткізді.
Әдеп кодексінің 5-тармағының 13) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге тиіс.
Сондай-ақ қызметкерлерге өз алдына этикалық сипаттағы мәселелер туындаған жағдайда мемлекеттік қызметшілер басшылыққа алуға арналған нұсқаулық - Pocketbook (қалта әдеп кодексі) туралы ақпарат жеткізілді.
Бұзушылықтардың алдын алу үшін, қатысушылардың назары мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытында негізгі мінез-құлық ережесі қарастырылған жағдаяттық мәселелерге баса аударылды, мемлекеттік қызметшілердің тәжірибесінде көп таралған әдепсіз қылық фактілері келтірілді. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытындағы, қызметтік қарым-қатынастардағы жүріс-тұрыс, әлеуметтік желілерде өзін дұрыс жайғастыру, БАҚ-та жұрт алдында сөз сөйлеу кезінде және мүдделер қақтығысына байланысты әртүрлі жағдайларда мінез-құлық мәселелері.
Сондай-ақ, қызметкерлерге шектеулердің сақталуы туралы, сонымен қатар қоғам тарапынан сынға ұшыраған мемлекеттік қызметшілерді әшкерелейтін фото және бейне материалдарын әлеуметтік желілерге орналастырылуына жол бермеу туралы ақпарат берілді.
Әдеп кодексін бұзуға жол бремеу мақсатында қызметкерлерге тәртіптік практикадан нақты мысалдар келтірілді.