Date of publication: 22.10.2015 15:24
Date of changing: 22.10.2015 15:24

 

             Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен (бұдан әрі- министрлік) әзірленген «Қазақстан  Республикасының  салық заңнамасын түсіндіру» мемлекеттік қызмет  стандарты (бұдан әрі-МҚС) министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетімен, министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі- қызмет беруші) көрсетіледі.   

Мемлекеттік қызмет көрсету  нәтижесін беру және  шағымды қабыладу  www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы, қызмет  берушімен  іске асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.   

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекен-жайлары www.minfin.gov.kz. министрліктің  порталында   www.kgd.gov.kz,қызмет берушінің интернет-ресурстарында, порталда орналастырылған.

 Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс-орталығының байланыс  телефондары: 8-800-080-7777, 1414.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:  

 -егер өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу талап етілмесе не орында көшпелі тексеріс, қызмет берушіге  шағымы түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде;   

-қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күнінен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады;

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: 

1)   жазбаша түрде   не мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мәнді жауап    жіберіледі.

2) мемлекеттік қызметті көрсетуге бас тарту туралы қызмет берушінің мәнді жауабы.  Егер көрсетілетін қызметті алушының қайта өтінішінде жаңа дәлелдер немесе жаңа ашылған мән-жайлар келтірілмесе, ал алдыңғы өтініштегі материалдарда тексерістің толық материалдары бар болса және көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген тәртіппен жауап берілсе, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту (өтінішті қарауды тоқтату) үшін негіз болып табылады.   

     «Қызмет берушілер» - мемлекеттік органдар басшылық ететін нормативті құқықтық актілер негізі – Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы. Мемлекеттік қызмет көрсету мынадай басты қағидалардың негізінде көрсетілуі тиіс: мемлекеттік қызмет көрсетілуі кезінде бюракратизмге жол бермеу және сарсалаңға салмау, мемлекеттік қызметті көрсету саласында айқындығы мен есептілігі, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалылығы және қол жетімділігі. Егер осы қағидалар, сонымен қатар стандарт нормалары бұзылған жағдайда қызмет алушы оларға шағымдалуға құқылы.

Қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет беруші және (немесе) олардың лауазымды тұлғалар, Министрлік әрекеті (әрекетсіздігі), шешімнің шағымы жазбаша түрде беріледі:

1) Министрлік басшысының немесе оны ауыстыратын тұлғаның  атына мына мекенжай бойынша;

2) қызмет беруші интернет-ресурстары www.kgd.gov.kz, Министрліктің www.minfin.gov.kz. порталында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет берушінің атына.

Сонымен қатар, министрліктің мекенжайына түскен шағым оның тіркелген күнінен бастап, бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беру және бақылау бойынша уәкілетті органға шағыммен жүгінуі мүмкін. Бұндай жағдайда шағымның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету  мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға болады. 

Сонымен қатар, қызмет алушы Қазақстан, Республикасы бекіткен заңнамалар тәртібінде  қызмет беруші және (немесе) олардың лауазымды тұлғалары Министрліктің әрекеті (әрекетсіздігі) шешіміне, сотқа шағым берудің баламасына ие.

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алдына қойған басты тапсырмаларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде – бизнес саласындағы субъектілерді  және азаматтардың ақпараттануын арттыру. Атап айтатын жайт, осы жүргізілген жұмыстар «ҚР салық заңнамаларын ұғындырады» СММ қызмет көрсету аясына кіреді. 

Осындай мақсатта тұрақты түрде кең және бұқаралық жұмыстар жүргізілуде, қолданыстағы кеден және салық заңнамаларын ұғындыруда біздің де атқарылған жұмыстар нәтижесі.

       Осылайша, 2015 жыл басынан облыс бойынша, салық төлеушілер арасында  түсіндіру жұмыстарын  күшейту мақсатында 857 семинар және дөңгелек үстелдер өткізілді, БАҚ 677 мақала, 413 Бірыңғай консультация күндері жарияланды, сонымен қатар 21 640 ауызша және жазбаша  түсіндіру  берілді.

Бұдан басқа,салық және кеден заңнамалары саласында түсініктеме беру теледидарда баяндау (111 баяндама), СҚО бойынша МКД сайтында(179 ақпарат), ОТРК,МТРК, 1-інші Северный телеарналарда,   сондай-ақ Петропавл қ. светодиодты экрандарда және мониторларда ақпараттық бейнероликтерді орналастыру түрінде  іске асырылады.  

Сонымен қатар «Сұрақ-жауап»  СҚО бойынша МКД сайтында «онлайн»  режимінде мәселелерді беру мүмкіндігі салық төлеушілерде пайда болды.    Осы сервисті қолдану үшін қатысу бойынша Келісімді қабылдау, нысанды толтыру және сауал санатын анықтау қажет.