Жария ету – бұл жалпыға бірдей декларациялаудың алдында көлеңкеден шығудың соңғы мүмкіндігі
Қазақстан Республикасының Басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Жария ету – көлеңкеден шығудың соңғы мүмкіндігі, содан кейін ешқандай ерікке жіберу болмайды» дегендей. Бұл жалпыға бірдей декларациялау алдында соңғы акт. Жалпыға бірдей декларациялау кезінде кірістер мен мүлікті жасырын сатып алынғандығы расталатын болады. Акция аяқталғаннан кейін шетел шоттары және жылжымайтын мүлік бойынша барлық ақпарат әлем бойынша қайта тексерілетін болады».
Сонымен қатар Қазақстан қылмыстық әрекеттен кірістерді жылыстату, анықтау және тәркілеу туралы Страсбургский конвенцияның мүшесі болып табылатынын, атап өтті. Қазіргі таңда оған 90 ел қол қойды және 29 оффшорлы аймақ.
Осы конвенция шеңберінде салықты төлеуге қатысты кез-келген ақпаратпен алмасуға елдер келісті. Бір мезгілдегі салықтық бақылау мен салықты төлеу бойынша өзара көмек –мәліметтермен алмасу болып табылады. Сұрау бойынша ақпарат автоматты түрде беріледі.
Кірістер мен мүліктің жалпыға бірдей декларацияға кезеңмен ауысу қаралуда. 2017жылы мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, ұлттық компаниялардың қызметкерлері декларацияны тапсыратын болады –бұл 1,7 миллион адам. 2020 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаумен барлық жеке тұлғалар қамтылады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ыһтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға (бұдан әрі-Заң) Мемлекет басшысы қойды.
Жоғарыда баяндалған шраларды іске асыру үшін жалпыға бірдей декларациялаудың бсымен үйлесімді- 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жария ету мерзімін ұзарту көзделген.
Өзгерістер нормативті-құқықтық актілердің бір қатарына, сонымен қатар «Салық және бюджетике төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (Салық кодексі) енгізілген. Салық кодексінің 185 бабымен шетелдегі мүлікті міндетті декларациялауға қосымша талаптар енгізілген:
- Шетел банктарындағы банктік шоттар, сондай-ақ осындай шоттардағы ақшалар;
- жеке меншіктегі келесі мүлік:
Шетел мемлекетінің заңнамсына сәйкесмемлекеттік немесе шетел мемлекетінің құзіретті органында басқа тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік (құқықтары және (немесе) келісімдер);
Қазақстан Республикасынан тысқары тіркелген, бағалы қағаздар, эмитентер.
Қазақстан Республикасынан тысқары тіркелген, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі.
Салық кодексінің 180-2 және 221 баптарында Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс Қазақстан Республикасының аумағындағы мынадай мүлікті:
Осы баптардағы өзгерістер 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілгеніне, көңіл аударамыз.
ДГД по СКО