
07.06.2016 ж. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында жасанды есеп- бақылау маркаларымен алкоголь өнімінің 13 000 шамасында шыныны механикалық тәсілмен жойды.
Жедел ақпарат бойынша Петропавл қ. көтерме сауда дүкендерінің бірінде жасанды есеп- бақылау маркаларымен, сондай-ақ сәйкесті құжаттарсыз алкоголь өнімінің саудасы іске асырылған. 2015 жылдың қараша айында ҚР ҚК 1б. 233 б. көзделген, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар сипаттар бойынша осы факт №155900121000419 сотқа дейінгі бірыңғай тізімдемеге енгізілген. Тінту кезінде алынған, сәйкессіз құжаттарсыз, есепке алынбаған алкоголь өнімінің саудасы көрсетілген сауда нүктесінде іске асырылғаны анықталған.
Күдікті тұлға жасанды ЕБМ-мен алкоголь өнімін саудада өткізгенін толық мойындады. Петропавл қалалық сотымен 30.03.2016ж. оған жататын барлық мүлікті тәркілеумен, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын салумен ҚР ҚК 2б. 233б. бойынша үкім шығарылды.