Date of publication: 09.06.2016 15:06
Date of changing: 09.06.2016 15:08

07.06.2016 ж. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында жасанды есеп- бақылау маркаларымен алкоголь өнімінің 13 000 шамасында  шыныны механикалық тәсілмен жойды.   

Жедел ақпарат бойынша Петропавл қ. көтерме сауда дүкендерінің бірінде жасанды есеп- бақылау маркаларымен, сондай-ақ сәйкесті құжаттарсыз  алкоголь өнімінің саудасы іске асырылған. 2015 жылдың қараша айында  ҚР ҚК 1б. 233 б. көзделген, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар  сипаттар бойынша   осы факт   №155900121000419 сотқа дейінгі бірыңғай тізімдемеге енгізілген. Тінту кезінде алынған, сәйкессіз құжаттарсыз, есепке алынбаған алкоголь өнімінің саудасы көрсетілген  сауда нүктесінде  іске асырылғаны анықталған.      

Күдікті тұлға жасанды ЕБМ-мен  алкоголь өнімін саудада өткізгенін толық мойындады.  Петропавл қалалық сотымен 30.03.2016ж. оған жататын барлық мүлікті тәркілеумен, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын салумен  ҚР ҚК 2б. 233б. бойынша    үкім шығарылды.