Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауында салық саласының айқындығын арттыру – Үкіметтің басты міндеттерінің бірін белгіледі. «Тек әр субъект экономикасы ғана салықты толық көлемде төлеуге мүдделі» деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Салық саласының айқындығын арттыру –кезеңмен жүйелі жұмыс жүргізу.
Қазіргі таңда салық және кеден қызметін, сондай-ақ құқық қорғау блогын біріктірген, жоғары тиімді мемлекеттік кірістер органы құрылды. Осы органның міндеті тек салық пен төлемдерді ғана жинау емес, сонымен қатар сыртқы экономикалық айналымды ынталандыру, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимыл үшін жайлы жағдайларды жасау.
Жаһанды экономикалық дағдарысқа қарамастан, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен болжамды көрсеткіштердің орындалуы қамтамасыз етілді.
Яғни, 2015 жылдың қорытындысы бойынша, 58 460,9 млн.теңге болжамда 59 801,5 млн.теңге сомасында мемлекеттік бюджетке салық және төлемдердің түсімі қамтамасыз етілді, бұл 102,3% құрды. Жергілікті бюджетке 31 912,1 млн.теңге түсті немесе болжамды орындау 100,4%. 2014 жылмен салыстырғанда жергілікті бюджет 5 млрд. теңге шамасы сомасына өсім қамтамасыз етілді.
Жергілікті бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің артуына байланысты, 2015 жылы қалада 14 853 м2. алаңымен, женіл атлетика манежі және мұз айдынымен, А.Винокуров ат. Спорт сарайы салынды. Жобаның құны 3 млрд. теңгені құрды. Сондай-ақ петропавлдықтар өзінің автомобильін тіркей, жүргізуші куәлігін ала алатын, мамандандырылған ХҚКО ашылды, жобаның құны 850 млн. теңге, яғни бәрі облыстық бюджеттің ақшасына салынған.
Осы ақша қаражаты есебінен әлеуметтік бағдарламалар іске асырылуда: бұл салынған мектептер, ауруханалар, бала бақшалары, тұрғын құрылыс бағдарламасы аясында көп қабатты үйлер, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру.
Бюджетке түсетін түсімдердің артуы үшін қосымша резервтерді іздестіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Яғни, жалған кәсіпкерлер контрагенттерімен жұмыс, берешекті өндіріп алу, камералдық бақылау, «көлеңкелі» экономика азайту бойынша тиісті шаралар қабылдау және т.б.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша жалған кәсіпкерлік әрекетті іске асыратын, салық төлеушілер анықталуда және мемлекетке келтірілген шығынды өндіріп алу мақсатында, департаментпен салықты төлеуге контрагенттерге оны тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Осыған сәйкес жалған кәсіпкерлер фирмаларының «басшыларына» құрылған материалдар бұдан әрі шаралар қолдану үшін департаменнттің экономикалық тергеу қызметіне тапсырылады.
Соныменен, камералдық бақылау жүйесі салық есептілігі нысандарын қосымша нысандарды ұсыну жолымен салық органымен анықталған бұзушылықтарды дербес жоюға мүмкіндік береді.
Яғни, камералдық бақылау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 12 айына облыс бойынша тұтасымен 1,5 млрд. теңге бюджетке түсім қосымша қамтамасыз етілді.
Департаменттің Экономикалық тергеу қызметімен жалған кәсіпкерлік фактлердің жолын кесу және алдын-алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Яғни, 2015 жылы заңды тұлғаның тіркелуі заңсыз деп тану туралы 26 талап-өтініш сотта қаралуда,оның ішінде 22 талап қаралды. Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде жалған кәсіпкерлік саласында 122 қылмыстық іс болған, сонымен қатар ҚР ҚК 216б. бойынша 13 қылмыстық іс, ҚР ҚК 215б. бойынша 109 қылмыстық іс. 4 қылмыстық іс өндіріспен тоқталды.
Яғни, ағымдағы жылдың қаңтар айында жалған кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, ұйымдастырылған қылмыстық топқа қатысты (9 кәсіпорын) резонансты қылмыстық істі (29 эпизод) сотқа жолданды, ОПГ әрекетінен мемлекетке келтірілген шығын 4,0 млрд. теңге құрылды. Осы қылмыстық іс бойынша істегі тұлғалардың мүлігіне және банк шотындағы ақша қаражатына тыйым салынды.
Әкімшілендіру бойынша жұмыспен қатар салық берешегін салық төлеушілерден өндіріп алу бойынша шаралар қолданылады. Яғни, 2015 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша бересі сомасы 500 млн. теңгеге азайды.
Өзінің салық міндеттерін орындау бойынша әділ ынтымақтастыққа, бизнесті айқын жүргізуге бизнес субъектілерін шақырғым келеді, себебі мемлекеттік кірістер органдарының иелігіндегі бар ақпараттық технологиялар кабинеттерден шықпай-ақ, барлық іске асырылатын шаруашылық операцияларын бақылауға болады.
Ағымдағы жылда үлес салмағы - 99,4% құрған, электронды пішінде есеп-айырысулар мен декларацияларды ұсыну бойынша бизнес-қауымдастықтың белсенділігін атап өткен жөн. Қазіргі таңда СҚО бойынша МКД электронды түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтің 34 түрі немесе барлық қызметтің 65% автоматтандырылған. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін ақпараттық жүйелер қолданылады: СЕӨС, «Салық төлеушінің кабинеті», «УКМ» АЖ және басқа. Сонымен қатар «электронды үкімет» порталы арқылы алынуы мүмкін, қызметтер тізімдемесі кеңейтілген.
«100 нақты қадам» ұлт жоспарының шеңберінде институционалды реформалар қатарынан 8 кеден және салықтық әкімшілендіруді жақсартуға жолданған. Салық және кедендік тәуекелдерді басқару жүйелерін құру бойынша жұмыс аяқталуда, осыған байланысты, бақылау үшін салық төлеушілерді тиімді іріктеі артылады. ТБЖ (одан кейін - Тәуекелдерді Басқару Жүйесі) қолдану Қазақстан Респбуликасының Салық кодексімен бекітілген. ТБЖ енгізу «Индустриализация және экономикалық өсу» жүзеге асыру бағдарламасының 43 қадамында белгіленген.
ТБЖ негізінде тексерістер салық заңнамасының бұзушылықтарын болдырмау үшін жұмыстың аса маңызды приоритетті бағытарына қызмет ресурстарының оңтайлы бөлуін береді. Бірақ қазір кеден және салық органдарының бірігуі қайталанытан тексерістер бөлігінде бизнеске жүктемені түсірді.
Кеден және салық жүйесінің бірігуі, автоматтандырылған жүйені енгізу және кеден процедурасынан өткенде «Бір терезе» қағидасын енгізу –мемлекеттік кірістер органдарымен іске асыру үшін Ұлт көшбасшысымен белгіленген, бұл бұдан арғы қадамдар.
Кеден тәуекелдерінде ғана емес кедендік тазартуда да пайдалану, сондай да экономикалық тергеу қызметінде бар, тәукелдерде және салық тәуекелдерінде, тұспалдау тәсілін қолдану жолымен іске асыру кезіне дейін әкелінген сәйттен бастап тауарларды «толассыз» бақылау жүйесі әзірленіп, қосылды.
Енгізілген электронды шот-фактуралардың жұмыс жасайтын жүйесі сондай-ақ БТҰ шеңберінде әкелінген тауарларға бақылауды іске асыруға және бизнес шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.
Барлық осы жүргізілетін жұмыс салық жүйесін айқындатуға әкеледі.
Касса чектарын беру, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, сонымен қатар бюджетке түсімдердің артуы үшін қоғамдық бақылауға халықты тарту мақсатында, бірінші рет біздің қалада «Чекті суретке түсір- тосынсый ұтып ал!» акциясы өтті. Чекті тек суретке түсіру және оны құрылған қосымша арқылы жолдау керек. Бақылау чекігінің мәніне талаптардың сәйкестігіне БСН (ЖСН) бойынша салық төлеушілердің кірістерін талдау үшін салықтық әкімшілендіру аясында барлық түскен чектар қолданылды. Және де қазіргі таңда сатып алушылар, өзінің азаматтық көзқарасын білдіре бақылау-касса машинасының чегін алып, осы қосымшаға жолдаулары мүмкін. «Чекті суретке түсір- тосынсый ұтып ал!» акциясы осы жылы жалғасын табады.
Алған қызметі, сатып алған тауар үшін БКМ чегін баспаған жағдайда, үнсіз қалмай, өзінің азаматтық көзқарасын білдіріп, 8 (7152) 46-33-29- сенім телефонына облыстың мемлекеттік кірістер органына хабарлау қажет.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде республика азаматтарынан экономикалық құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты қабылдау үшін арналған, +77001020202 МКК ресми нөмірі WhatsApp қосымшасында 2015 жылғы 11 шілдеден бастап қызмет жасайды. Телефонға түскен, барлық масатты мәліметтер тәуекелдерді басқару жүйесіне не ол бойынша жедел іс-шаралары өткізілетін болады, ал барлық құқық бұзушылықтардың расталған фактлері бойынша тергеулер жүргізілетін және заңнамаға сәйкес өндіріп алулар салынатын болады.
Салық төлеу -бұл Қазақстан Республикасы Конституциясымен бекітілген, бизнес субъектсінің, әр азаматтың міндеті. Алайда, үздік салық төлеуші -бұл дербес өзінің міндеттерін орындағысы келетін, салық төлеуші, яғни дербес, кәсіби және уақытылы. Сондықтан мемлекеттік қызмет көрсеткенде алдымызға қойған пиоритетті міндеттің бірі болып – бұл облыстың бизнес субъектілерінің және азаматтардың ақпараттануын арттыру.
Осы үшін қолданыстағы салық және кеден заңнамаларын түсіндіру бойынша тұрақты негізле кең жалпы жұмыс және де бізбен жүргізілетін жұмыстың нәтижелерін түсіндіру жүргізіледі. Заңсыз банкроттық және жалған кәсіпкерлік, заңсыз кәсіпкерлік әрекетке қарсы іс-қимылдар, салық және кеден заңнамалары мәселелері, сондай-ақ өзге қызықтыратын мәселелер бойынша салық төлеушілердің барлық санаттару үшін апта сайын, бейсенбі күндері, облыс бойынша «Консультациялардың бірыңғай күндері» жүргізіледі.
Баршамыз біз, мемлекет басшысына бастап, қарапайым азаматқа дейін, ықтимал салық төлеушілер болып табыламыз.
Сондықтан дәрігерлерге, мұғалімдерге және басқаларына еңбекақы төлемін, зейнетақыны уақытылы және толық төлеу, мемлекетті қорғау қабілеті, елдің экономиксын дамыту, қорытындысында, басқаша айтқанда әрқайсымыздың тағдырымыз, осыған байланысты болғандықтан, заңмен белгіленген салық және төлемдерді бюджетке бәрі төлей ме- бізге бәрібір емес.
СҚО бойынша МКД басшысы Д.Е.Жанәлінов