Жарияланған күні: 29.12.2016 16:17
Өзгертілген күні: 29.12.2016 16:18

ПРЕСС-РЕЛИЗ

       Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Консультативтік кеңес мүшелерінің қатысуымен, 2017 жылдың 1 қаңтарынан енгізілген салық және кеден заңнамаларына өзгертулер енгізу туралы мәселелер бойынша Консультативтік кеңестің отырысы өтті.

        Отырысты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы және Кеңестің төрағасы Данияр Еренгалиұлы Жанәлінов ашты. Департамент басшысы осы отырыстың негізгі мәселелерін атап өтті:

  1. Консультатитвік кеңестің құрамына өзгерістер енгізу туралы;
  2. 2017 жылғы 1 қаңтардан енгізілген, салық заңнамасына өзгертулер енгізу туралы;
  3. 2017 жылғы 1 қаңтардан енгізілген, кеден заңнамасына өзгертулер енгізу туралы.

Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Л.М. Әбілева өз баяндамасында 2017 жылғы салық заңнамасындағы өзгертулер бойынша отырысқа қатысушыларды таныстырып өтті. Салық есебінің нысанын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы азаматтары бойынша(200.00 нысаны) жеке табыс салығы бойынша декларация және әлеуметтік салық нысандарын, (210.00 нысаны) шетел және азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларация және әлеуметтік салық нысандарын қосу.

         2017 жылғы 1 қаңтардан салық есебінің жаңа нысаны- жалға беру (пайдалану) келісімшарты тізбесінің нысаны (871.00 нысаны) енгізілді.

         Одан басқа, жалпы декларациялау заңымен жалпы декларациялауға кезең-кезеңмен өту қарастырылған, соған байланысты, 01.01.2017 жылдан жалпы декларациялау заңымен бұрын қаралған барлық нормалар, қолданысқа 01.01.2020 жылдан бастап енеді.

 Сол сияқты ол, ҚҚС бойынша біршама өзгертулер енгізілгенін атап өтті.  Бұл ретте, Салық кодексінің 256-бабына, келесі  күндерге кештеу келетін сол салық кезеңінде есепке алуға жатқызылуы тиіс  қосылған құн салығы: 

тауарлар, жұмыстар, қызметтерді алу күні; 

шот-фактурадан үзінді күні.

ЭШФ міндетті үзінді көшірмеге кезең-кезеңмен көші анықталған:

  • 2016 жылғы 1 қаңтардан өкілетті экономикалық операторлар үшін;
  • 2016 жылғы 1 шілдеден кеден өкілдері, кеден тасымалдаушылары, уақытша сақтау қоймаларының иелеріне, кеден қоймаларының иелері үшін;
  • 11.01.2016 жылдан, Еуразия экономикалық одағының кеден аумағында тауарларды әкелу және айналымының кейбір мәселелері туралы Хаттаманың негізінде, алып қою Тізбесіне енгізілген, тауарларды сатушы, салық төлеушілер;
  • 2018 жылғы 1 қаңтардан мониторингтеуге жататын, ірі салық төлеушілер шот-фактураны электрондық нысанда жазуға міндетті;
  • 2019 жылғы 1 қаңтардан Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының тармақшасымен қарастырылған қосылған құн салығын төлеушілер шот-фактураны электрондық нысанда жазуға міндетті.

Одан басқа, 2017 жылғы 1 қаңтардан патент негізінде арнайы салық режимін қолдану үшін рұқсат етілген (қызметтің 32 түрі) қызмет түрлерінің тізімін шектеуге қатысты, Салық кодексінің 429-бабына енгізу 2020 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды.

      2017 жылғы 1 қаңтардан жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарландыру тәртібіне көшеді, соған сәйкес жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тікелей мемлекеттік кірістер органына немесе «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы хабарлама ұсынады.

         Әрі қарай кедендік ресімдеу басқармасының бас маманы С.А. Липина баяндама жасады. Әкімшілік тосқауылды және кәсіпкерлердің жүктемелерін төмендету, көлік құралдарын босату, негізсіз тоқтап тұруды болдырмау, сол сияқты тауарларды уақытша сақтау кезінде СЭҚ қатысушылардың шығындарын төмендету мақсатында, Кодекстің 44-бабы, уақытша сақтау қоймаларының иелеріне көлік құралынан тауарларды түсіру қажет болған кезде, оларды уақытша сақтау қоймаларына орналастыру үшін, қоймаға орналастыру мақсаты үшін тасымалдаушы тауарды ілестіру құжаттарын тапсырған сәттен бастап төрт сағаттан кешіктірмей мерзімінде жүктеу жұмыстарының басталуын қамтамасыз ету міндеттемесімен толықтырылған.

СЭҚ қатысушылар үшін кеден операцияларын жеңілдету және  әкімшілік тосқауылды төмендету мақсатында, Кодекстің 319-бабы 3-тармағы жағдайымен толықтырылады, оған сәйкес кеден транзиті бір елді мекеннің әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде орналасқан, келген орнынан уақытша сақтау орнына дейін жеткізілетін шетел тауарларына қатысты қолданылмайды (мысалға, әуежайдан УСҚ дейін). Сонымен қатар, Кодекстің 319-бабы 3-тармағы жағдайлармен толықтырылды, оларға сәйкес бір елді мекеннің әкімшілік-аумақтық шекарасының шегінде орналасқан (мысалға әуежайдан УСҚ дейін), келген орнынан уақытша сақтау орнына дейін жеткізілетін шетел тауарларына қатысты кеден транзиті қолданылмайды.

Одан басқа, мамандардың айтуынша, 2017 жылғы 1 қаңтардан кеден транзиті кезінде, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, тауарлар егер келген орнынан жеткізілу орнына әуежай көлігімен жеткізілген жағдайда кеден бажын, салықтарды төлемді қамтамасыз етуді ұсыну талап етілмейді.

  Отырыстың соңында баяндамашылар қызықтырған сұрақтарға жауап берді.