Жарияланған күні: 15.02.2018 10:51
Өзгертілген күні: 15.02.2018 10:51

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық салу объектілері орналасқан жері бойынша салық органына «Жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін " (бұдан әрі-Есеп) ұсыну туралы ескертеді.

Есеп 701.01. нысаны бойынша 2018 жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Есеп салық кезеңінің басына белгіленген салық міндеттемелері бойынша  тапсырылады:

- заңды тұлғалармен,

-  жалпыға бірдей белгіленген тәртіпен қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлермен,

- өзге қызмет бойынша шаруа фермер қожалықтарымен.

 

Назар аударыңыз!

 

Салық кезеңі ішінде мүлік салығы және жер салығы бойынша салықтық міндеттемелерді өзгерткен кезде есепті ұсыну жағдайлары өзгертілген.

 

Барлық салық төлеушілер үшін:

Салық кезеңі ішінде салықтық міндеттемелер туындаған кезде, ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін басталғанды  қоспағанда, ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті мерзімі басталғанға дейін он күн күнтізбелік күнінен кешіктірмей Есепті тапсыру қажет.

 

 

 

 

     

                                 СҚО бойынша МКД түсіндіру жұмыс баскармасы