
Көлікке есептелген салықтар туралы ақпаратты, сондай-ақ салықты төлеу үшін түбіртекті басып шығаруды www.nalog.integro.kz сайтынан (аты-жөні немесе ЖСН бойынша) алуға болады. Салық бойынша берешек туралы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан объектілер бойынша ғана білуге болады.
Берешектің бар-жоғы туралы мәліметтерді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz Web-сайтынан және СҚО бойынша МКД http://sko.kgd.gov.kz мультисайтингіден, сондай-ақ e-Salyq Azamat мобильді қосымшасынан алуға болады. Сондай-ақ, көлік құралдары салығы мен өсімпұлдардың автоесептеуі орналастырылған, ол арқылы әрбір салық төлеуші салық сомасын, сондай-ақ өткен кезеңдер үшін салықты уақтылы төлемеген жағдайда өсімпұл сомасын есептей алады.