
2017 жылғы 8 ақпанда Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен 2016 жыл үшін «Жеке табыс және мүлік салығы бойынша декларацияларды толтыру тәртібі» (230.00 ф) тақырыбына мемлекеттік органдардың кадр қызметі өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинарда 30-дан аса мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.
Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары С.Ш.Исбулатов семинарды ашты. Өзінің баяндамасында барлық мемлекеттік қызметкерлерге, соңғы күндерге қалдырмай, уақтылы декларацияны тапсыруға ұсынды.
Семинар барысында мемлекеттік қызметкерлермен ең жиі қойылатын сұрақтар ашылды. Тыңдаушыларды жыл бойы есептілік ақпараттың өзгеруі кезінде қалай көрсету, мүлікті жалға беруден түсетін табыстарды көрсету қажет пе, қорландырудан дивидендтер мен басқалары туралы қызықтырды. Барлық қойылған сұрақтарға барынша толық жауаптар берілді.
Мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларының жеке табысы мен мүлік салығы бойынша декларацияны ( 230.00 формасын) ұсыну мерзімі ағымдағы жылдың 31-ші наурыз күні аяқталады.
Салық Кодексінің 185-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар табыстары мен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан және салық салу объектісі болып табылатын табысы мен мүлкі туралы декларацияны орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына жыл сайын табыс етеді.
2016 жылғы жеке табысы мен мүлік салығы бойынша декларацияны толтыру кезінде, 2014 жылғы «25» желтоқсандағы № 587 Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген, жеке табыс пен мүлік бойынша декларацияны құрастыру Ережелерін басшылыққа алуы тиіс.
Декларация өзі декларациядан (форма 230.00) және оған қосымшалардан (формалары 230.01-ден 230.02-ге дейін) тұрады, табыс пен мүлік туралы ақпараты толықтай көрсету үшін арналған.
Семинарға қатысушыларға Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 230.00 формасын толтыру бойынша түсініктемелер тұрақты түрде өткізілетіні туралы хабарланды.