Жарияланған күні: 09.06.2017 10:25
Өзгертілген күні: 09.06.2017 10:26

Арнаулы салық режимі (АСР)- салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлері мен жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі

 Салық кодексінің 428 бабының 3 тармағына сәйкес арнаулы салық режимiн:

1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;

       2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкiлдiктерінің;

       3) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектілері бар салық төлеушiлердің;

       4) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалардың;

       5) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режімін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың;

       6) агенттік шарттардың (келісімдердің) негізінде қызмет көрсететін салық төлеушілердің қолдануға құқығы жоқ.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ екінші тараптың есебінен, не екінші тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекет жасауға міндеттенеді;

      7) коммерциялық емес ұйымдардың;

      8) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қолдануға құқығы жоқ.

      Осы тармақтың 3) тармақшасының ережесі мүлікті мүліктік жалдау (жалға беру) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

Салық кодексінің 428 бабының 4 тармағы бойынша мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушілердің шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн:

 1) акцизделетін тауарларды өндiруге;

      2) акцизделетін тауарларды сақтауға және көтерме саудада өткiзуге;

      3) мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуге;

      4) лотереялар өткізуге;

      5) жер қойнауын пайдалануға;

      6) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;

      7) түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге;

      8) консультациялық қызметтер көрсетуге;

      9) бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметке;

      10) сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметіне және делдалдық қызметіне;

      11) құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметке қолдануға құқығы жоқ.

 

                                Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi

    Патент негізінде арнаулы салық режімін қолданған жағдайда, осы Кодекстің 428-бабы 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмауы қажет және мынадай шарттарға сай келуі қажет:

      1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

      2) жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын;

      3) салық кезеңіндегі шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын.

         Бұл ретте, кірістердің барлық түрлерінен тұратын, салық кезеңіндегі кіріс патент  негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылады.

              

 1 Мысал. Патент 2017 жылғы 1 қантардан 30 маусымға дейің.Осы кезен бойынша болжамды кіріс 1 200 000 тенге құрды, мамыр айында 7 000 000 тенге кызмет көрсетілді.

Патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, белгілеген шартққа сай келмеген жағдайда, осыған байланысты ЖК   сәйкессіздік  туындаған күннен бастап, салық органына 5 жұмыс күн ішінде басқа режимге ауысуға хабарлама тапсырады. Бұл ретте,  мұндай шарттар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады. Біздің мысалда басқа режим 2017 жылғы 1 мамырда басталады.

2 Мысал. ЖК  патент негізінде арнаулы салық режімін қолданады. Қызмет түрі жеке мүлікті жалға беру. Патент 2016 жылғы 1 қантардан 31 желтоқсанға дейің. Қыркүйек айыңда риэлторлық қызмет түрің қосты.

 Салық кодексінің 428 баб  3 тармағының 6 тармақшасына  сәйкес агенттік шарттардың (келісімдердің) негізінде қызмет көрсететін салық төлеушілердің қолдануға құқығы жоқ.

      Осы тармақшаның мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (келісімдер) түсініледі, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ екінші тараптың есебінен, не екінші тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекет жасауға міндеттенеді.

 Бұл ретте, патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін патент негізінде арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін шарттар туындаған жағдайда, дара кәсіпкерлер шарттармен сәйкессіздік туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне көшу үшін қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті.

 ЖК риэлотрлық қызмет атқарады, агентік шарттардың негізіңде қызмет атқарады. Осыған байланысты ЖК  АСР қолдануға құқығы жоқ.

 Осылайша, ЖК бірдей белгіленген тәртіпке  режимің қолдануға хабарлама ұсынады

 Бұл ретте, мұндай шарттар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi  қолдануды бастау күнi болып табылады Біздің мысалда, ЖК 2016 жылғы 1 қан ардан бастап жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi  қолдануға көшеді.        

 

                     Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi

      Онайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолданған жағдайда, осы Кодекстің 428-бабы 3және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмауы қажет және мынадай шарттарға сай келуі қажет:

      1) дара кәсіпкерлер үшiн:

      дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;

      салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құраса;

      3 Мысал. ЖК онайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолданады. 2016 жылғы қарашадан бастап ЖК кірісі  39 250 000 тенге құрады.

      Белгілеген шартққа сай келмеген жағдайда,    ЖК  шарттарға сай келмеу туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша салық органына жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке   ауысу үшін қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етуге міндетті. Бұл ретте,  сәйкессіздік туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi   қолдануды бастау күнi болып табылады.

    Біздің мысалда ЖК 2016 жылғы қарашаның 1 жалпыға бірдей белгiленген тәртiптке көшеді.   

 

 

 4 Мысал. ЖК Қызылжар ауданы боынша МКБ тіркелген, онайтылған декларация негізіңде АСР қолданады. Қызмет түрі – бөлшекті сайда. ЖК 2017 жылғы мамырда Петропавл қаласында магазин ашты.

  Салық кодексінің 428 баб  3 тармағының 3 тармақшасына  сәйкес  арнаулы салық режимiн  әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) салық салу объектілері бар ЖК қолдануға құқығы жоқ

  Аср қолданған ЖК әртүрлi елдi мекендерде қызметін атқаруға құқығы жоқ болғандықтан,   шарттармен сәйкессіздік туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке   көшу үшін қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті.

Бұл ретте,    сәйкессіздік туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi   қолдануды бастау күнi болып табылады.

 Біздің мысалда ЖК  жалпыға бірдей белгiленген тәртiптке 2017 жылғы мамырдың 1 көшеді.

 

 

                                                                                                         СҚО бойынша МКД