Жарияланған күні: 12.02.2016 15:16
Өзгертілген күні: 12.02.2016 15:18

  Тоқсандық есептілікті ұсыну мерзімдері бойынша ақпарат    

 

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  2015 жылғы 4 тоқсанға салық міндеттемелері бойынша  декларацияны және 701.01 нысан бойынша 2016 жылға жер салығы мен  мүлік  салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-айырысу  сомаларын ұсыну мерзімі  2016 жылғы 15 ақпанда өтетінін, назарға салады.   

  • 200.00. нысан  Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация 
  • 210.00. нысан Шетел және азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация  
  • 300.00. нысан Қосылған құн салығы бойынша декларация
  • 570.00. нысан Экспортқа ренттік салық бойынша декларация  
  • 590.00. нысан  Пайдалы қазбалар өндірісіне салық бойынша декларация    
  • 710.00. нысан Тіркелген салық және ойын бизнесіне салық бойынша декларация  
  • 860.00. нысан Жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация  
  • 870.00. нысан Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем бойынша декларация