
Салық салу объектісі
(Салық кодексінің 690-бабы 1-тармағы)
Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі осы Кодекстің 691-бабының 4-тармағында көзделген түзетулерді есепке алғандағы кіріс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалатын салық салынатын кіріс болып табылады.
Тіркелген шегерім бойынша кім жұмыс істей алады?
ЖК немесе ЗТ қолдану шарттары (СК 683-б. 2-т.)
салықтық кезеңдегі жұмыскерлердiң орташа тізімдік саны 50 адамнан аспайды;
кіріс 144 184 еселенген АЕК-тен аспайды (420584720 теңге);
барлық шағын бизнес субъектілеріне жалпы шектеулер (СК 683-б. 2-т. 3)тт. 4-т.);
салық кезеңі – күнтізбелік жыл
Шегерімдер (шығыстар)
тауарларды сатып алу,
қызметкерлерге еңбекақы төлеу шығыстары,
іссапар шығындары,
салықтар мен төлемдерді төлеуге,
байланыс, электр энергиясы, су, жылу энергиясы, газ қызметтеріне ақы төлеу,
жалға алушының жалға алынған мүлікке қатысты шығыстары
Қосымша шегерімдер және азайту
Табыстың 30% - ы (құжаттары жоқ),
ЕТҚ сомасына салық салынатын кірісті 1 есе азайтуға (қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 47 еселенген АЕК - тен асқан жағдайда),
Мүгедектер ЕТҚ сомасына салық салынатын табысты 2 есеге және мүгедектерге есептелген әлеуметтік салық сомасынан 50%-ға азайтуға.
Декларацияны тапсыру (912.00-нысан) және салықтарды төлеу мерзімдері
Есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей
Салықтарды төлеу -декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей.
СҚО бойынша МКД
Толығырақ 8(7152)500064 телефоны бойынша