Жарияланған күні: 07.06.2018 17:58
Өзгертілген күні: 07.06.2018 18:01

2018 жылғы 7 наурызда Петропавл қаласының кәсіпкері СҚО бойынша МКД-нің кеңсесінде алкоголь өнімдерін лицензиялауға қатысты құжаттың алу кезінде, сыйақы түріндегі "Raffaello" кәмпит қорабын Департаменттің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының акциздерді әкімшіліктендіру бөлімінің бас маманына беріп жіберген.

Департаменттің маманы өз сана-сезімдерін және құқық бұзушылықтарға төзбеушілігін көрсетіп, ол туралы Департаменттің тиісті бөлімшесіне хабарлаған. Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен тексеру іс-шаралары жүргізілді және бас маманға заңсыз материалдық сыйақы беру фактісі бойынша әйел адамға қатысты материалдар жиналған, ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне жолданған.

СҚО бойынша МҚІжСЖҚАД қызметкерлері ҚР Әкімшілік кодексінің «Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі» 676-бабы бойынша азаматшаға қатысты толтырған әкімшілік хаттамасы сот органдарының қарауына жіберілді. 2018 жылғы 6 мамырда Петропавл қ. мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азаматша ҚР ӘҚтК 676-бабы бойынша айыпты деп танылды және 481 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

 

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті